Сусамырды ультрадыбыспен емдеп көрді. Нәтижесі қандай?
Сусамырды ультрадыбыспен емдеп көрді. Нәтижесі қандай?
2 жыл бұрын 1278 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бауыр ағзасындағы белгілі бір жүйке шоғырына бағытталған ультрдыбыстың қысқа импульстарының (толқындарының) сусамыр дертіне шалдыққан науқастың қан құрамындағы инсулин мен глюкоза деңгейін төмендететіні анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ғалымдар бұл тарапта бауырдағы өзіндік ерекшелігі бар сенсорлық жүйкені ынталандыруға арналған өзгеше инвазитивті емес әдісті қолданған. Аталмыш технология технология перифериялық фокусталған ультрадыбыстық ынталандыру деп аталады және жүйке ұштары бар нақты тіндерге нәзік ультрадыбыстық импульстарды өте дәл бағыттауға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда инсулин деңгейін түсіретін дәрі түрлері өте аз. Сонымен қатар, сусамырмен ауыратын науқастың глюкооза мен инсулин деңгейінің балансын сақтауда маңызы зор бұл әдісті де абайлап қолданған жөн, неге десеңіз, инсулинді енгізу өз кезегінде оның концентрациясын төмендеткенімен глюкозаның өте төмен деңгейі гипогликемияға (қан қрамындаңы глюкозаның қалыпты деңгейден төмендеуі) ұрындырып, өлімге әкелуі мүмкін. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, қант диабетімен ауыратын жануарларда қандағы глюкозаның қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін күніне үш минуттық ультрадыбыстық әсер ету процедурасы жеткілікті болды. Қазіргі уақытта бұл тәсілдіңң адамға тиімділігі зерттеліп жатыр. Бұл әдісті клиникалық тәжірибеге енгізуде оның тиімділігін дәлелдеумен қатар көптеген кедергілер алдан шығып тұр. Ең алдымен бұл терапияны жүзеге асыру үшін қолданылатын заманауи ультрадыбыстық құралдарға білікті мамандар қажет. Ғалымдар бұл әдісті науқастың өздігінен қолдана алатындай ететін жолдарды қарастырған жөн дейді. Яғни, бұл жүйені кеңінен қолданысқа енгізу үшін автоматтандыру керек, сондай-ақ, болашақта науқас өзімен бірге алып жүре алатын қолайлы құрылғыға айналдырылуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат