Сусамыр дертіне шалдықтыратын тағы бір себеп белгілі болды: кeйбір химиялық заттар инсулин бөлу қызметін бұзады
Сусамыр дертіне шалдықтыратын тағы бір себеп белгілі болды: кeйбір химиялық заттар инсулин бөлу қызметін бұзады
2 жыл бұрын 1607 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Азық-түліктегі хлорорганикалық ластаушылар, тіпті, төмен концентрацияда болса да 1 типті қант диабетін тудыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Environment International мерзімді басылымына сілеме жасай отырып мәлім етеді. Осло университетінің ғалымдары кейбір химиялық зататардың, соның ішінде диоксиннің инсулиннің бөліну қызметін бұзып, аутоиммундық ауруларға душар ететінін анықтады. Мамандар бұл зерттеу барысында 442 американдық балалар мен жасөспірімдердің қан үлгілеріне ссараптама жүргізіп, талдау жасады: 182 адамның 1 типті қант диабеті қалыпты инсулинге сезімталдығы бар, 148 инсулинге төзімділігі бар 1 типті қант диабеті диагнозы қойылды, бақылау тобына 112 сау адам енгізілді. Қан плазмасындағы полихлорланған бифенилдердің (ПХБ) және әртүрлі хлорорганикалық пестицидтердің концентрациясы аутоиммунды диабеттің даму қаупін бағалау үшін пайдаланылды. Ғалымдар бұл тарапта, сонымен қатар, кеміргіштің ұйқы безінің бета жасушаларына бифенил және дихлордифенилдихлорэтилен (DDE) ерітінділерінің қоршаған ортадағы олардың жоғары деңгейлерімен салыстырылатын дозаларда әсер ететін тәжірибе жүргізіп көрді. Ғалымдар DDE, транс-нахлор және ПХД сияқты ластаушы заттардың қанның плазмалық концентрациясы мен инсулинге қалыпты сезімталдығы бар 1 типті қант диабеті диагнозын қою ықтималдығы арасында байланыс барын анықтады. Аталған дерт аясында инсулинге төзімділігі бар науқастарда бұл байланыс байқалмады. Тәжірибе барысында ПХД және DDE бета жасушаларының глюкозаға жауап ретінде инсулин өндіру және шығару қабілетін бұзатыны белгілі болды. Сонымен қатар, ластаушыларға сезімтал келетін түрлі гендер экспрессиясында (гендегі ақпараттың нақты өнімдерге – РНҚ-ға немесе ақуызға айналу процесі) өзгерістер тудыратыны да анықталды. Ал екі күннен асааатын мезімде, яғни, ұзақ уақыт әсер етсе, асушаларды жоятыны да белгілі болған еді. ПХД және әртүрлі хлорорганикалық заттар тағамда, пластмассада, бояуларда, құрылыс материалдарында, топырақта және суда кездеседі. Табиғи жолмен ыдырауы төмен. Әлемнің бірқатар елінде құрамында хлор кездесетін пестицидтерді  ауыл шаруашылық өсімдіктеріне жаудай тиетін зиянкес жәндіктермен күресу үшін әлі күнге пайдаланылады. Аталған ластаушы заттың 90 пайызы адам организіміне ет, балық, сүт өнімері арқылы енеді. Осыған байланысты білікті мамандар майлы емес тағамдар құрамында мұндай зиянды химиялық заттардың майлы өнімдерге қарағанда аз кездесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат