Сперматозоидті іріктейтін чип белсіздікпен күресуге көмектеседі
Сперматозоидті іріктейтін чип белсіздікпен күресуге көмектеседі
2 жыл бұрын 1609 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженер ғалымдар сперматозоидті ірікеуге арналған шағын сұйықтықтан тұратын арзан чип жасады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Analyst of the Royal Society of Chemistry  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай чип өз кезегінде белсіздікке қарсы күресте тиімді құралға айналуы мүмкін. Флоридадағы Атлант университетінің инженерия және компьютерлік ғылым колледжінің ғалымдары табиғи сперматозоидтің реотаксисін қолдана отырып, шәуһатты сұрыптау үшін микрофлюидті чип жасады. Ол арзан ғана емес, сонымен қатар, тез жұмыс істейді әрі пайдалануға қолайы. Ең бастысы – сау шәуһатты тиімді жолмен бөледі. Әйелдердің жыныстық жолдарында бала көтеруге кедергі келтіретін кінәрат болуы мүмкін. Шамамен 100 млн сперматозоидтің тек бірнеше жүзі ғана жатыр түтіктеріне түседі. Сперматозоид реотаксис деп аталатын қозғалу бағытын басшылыққа ала отырып,жатырды ұрықтандыру үшін цервикалды шырыш ағынына қарсы жүзеді. Бұл «сапар», дәлірегі, сперматозоидтердің қозғалу қабілеті мен дұрыс жүзуі ұрықтандыруда маңызды рөл ойнайды. Экстракорпоралды жолмен ұрықтандыру, құрсақ ішілік ұрықтандыру және интрацитоплазмалық жолмен сперматозоидты енгізу сияқты көмекші репродуктивті технологиялардың табысты болуы сперматозоидтың сау болуымен байланысты. Яғни, осы күнгі жасанды жолмен ұрықтандыру тәсілі сперматозоидтердің сапасына тікелей байланысты. Сперматозоидтарды сұрыптауға арналған заманауи центрифугалау әдістері бірнеше қадамдар мен жабдық түрлерін қажет етеді және шамамен екі сағаттай уақытта алады. Бұл әдістер өңдеу кезінде сперматозоидты зақымдайды және ДНҚ-ның айтарлықтай фрагментациясын және тотығу стрессін тудырады. Шәуһатты сұрыптауға қатысты тың технологияның арқасында осы микрофлюидтік чиптегі жинау камерасынан бөлінген сперматозоидтар айтарлықтай жоғары қозғалу қабілетін көрсетті (100% дерлік), бұдан бөлек, морфологиялық қалыпты жасушалардың саны азаймаған және ұрықтандырудың шешуші өлшемі болып табылатын ДНҚ фрагментациясы айтарлықтай төмен болған. Бұған қоса,  чиптегі оқшауланған сперматозоидтардың саны мен сапасына байланысты сәтті интрацитоплазмалық сперматозоидты енгізу үшін қажетті жасушаларды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеді. «Біздің чипті қолдан басқару оңай. Шәует арнайы камераға енгізілгеннен кейін қауқарлы сперматозоидтер сұйықтыққа қарсы жүзеді, оларды жинап алу оңай»,- деп түсіндірді атамыш жоғарғы оқу орнының электротехника және компьютерлік ғылым департаментінің доценті Уәсім Асқар (Васим Асгар). . Осылай деген ол микрофлюидтік чипті құрастырудың арзанға түсетінін, ал сперматозоидтарды бөлетін чипінде қолданылатын реагенттер көлемі бірнеше миллилитрден  аспайтынын, сондықтан чиптің коммерциялық құны 5 долларға да жетпейтінін алға тартты. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, реотаксис ұрықтандыруға қабілеті жоғары, яғни, жылдамдығы жоғары сау сперматозоидтерді іріктеп алады. Микрофлюидті чип бір-бірімен шағыр арналармен жалғанған төрт цилиндрлі камерадан тұрады. Бұл арада сұйықтықты құятын камералар, сынамаларды жинайтын, кіріс және қалдықтарды жинауға арналған камералар турасында сөз болып отыр. Жинау камерасы мен үлгінің кірісі арасындағы арнада сперматозоидтарды жинау камерасына қарай реотактикалық қозғалысы үшін сұйықтық ағынына қосымша сперматозоидтарды бағыттайтын микро ойықтар бар. Құрылғының ішіндегі ығысу кернеуі шприц сорғысының көмегімен сұйықтық ағыны арқылы жасалады. Содан соң шәует үлгісі кіріс камерасына жиналады, одан ұрықтандыруға қабілетті сперматозоидтар өлген және қозғалу қабілетінен айырылған сперматозоидтардан бөлініп, жинау камерасына қарай жүзеді.

Ұқсас материалдар:

«Діңгекті жасушалардан шәуһат жасалды. Бұл белсіздік пен бедеулікті емдеуде көмектеседі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dingekti-jasushalardan-shauhat-jasaldy-bul-belsizdik-pen-bedeulikti-emdeude-komektesedi-15925/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-qozgalu-syry-ashyldy-15672/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің таңғажайып «биі»: белсіздікпен күрестің тың тәсілі пайда болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-tangajaiyp-bii-belsizdikpen-kurestin-tyn-tasili-paida-boluy-mumkin-video-13948/#gsc.tab=0);

«Шәуһадтың да жадысы бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shauhadtyn-da-jadysy-bar-bolyp-shyqty-13500/#gsc.tab=0);;

«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0);

«Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qandai-juptarda-ul-bala-kop-paida-bolatyny-anyqtaldy-13474/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар ерлер белсіздігін емдеудің тың тәсілін тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-erler-belsizdigin-emdeudin-tyn-tasilin-tapty-14302/#gsc.tab=0);

«Әйелдер ерлерсіз де ұрпақ өрбіте алатын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aielder-erlersiz-de-urpaq-orbite-alatyn-bolyp-shyqty-11874/#gsc.tab=0);

«Ұрықтан дененің қалыптасуының алғашқы сәті таспаға тартылып қалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uryqtan-denenin-qalyptasuynyn-algashqy-sati-taspaga-tartylyp-qaldy-video-14784/#gsc.tab=0);

«Жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келетін ер адамнан ұрпағына берілетін мутация қатері жоғары» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasy-ulgaiganda-perzent-suigisi-keletin-er-adamnan-urpagyna-beriletin-mutatsiya-qateri-jogary-15305/#gsc.tab=0);

«Кеш әке атанудың қасіреті мен қатері қандай?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kesh-ake-atanudyn-qasireti-men-qateri-qandai-8818/#gsc.tab=0);

«50 жастан кейін әке атану мүмкіндігі үштен бірге азаяды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/50-jastan-keiin-ake-atanu-mumkindigi-ushten-birge-azayady-15671/#gsc.tab=0);

"Ширек ғасырдан кейін ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін..." (https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrdan-keiin-erler-urpaq-orbitu-qabiletinen-aiyryluy-mumkin-15188/#gsc.tab=0); 

"Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-ul-balalar-basqalaryna-qaraganda-erte-qartayady-15243/#gsc.tab=0);

"Шала туған шараналардың қауіпті дертке шалдығу қатері жоғары" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-sharanalardyn-qauipti-dertke-shaldygu-qateri-jogary-15568/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат