|
Созылмалы жалғыздықтың адам ғұмырын қанша жылға қысқартатыны белгілі болды
|
280 мыңға жуық адамды қамтыған халықаралық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтен оқшауланған созылмалы жалғыздық ерлерден 5,8 жылға дейін, әйелдерден 3,7 жылға дейін психикасына орны толмайтын залал келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отыррып мәлім етеді. Қоғамнан қол үзумен, яғни, леуметтік оқшауланумен байланысты созылмалы жалғыздық ерлердің психикалық саламатты өмірін алты жылға, ал әйелдердің өмірін төрт жылға қысқартады. Мұндай қорытындыны Ұлыбританияның ірі биомедициналық когорт жобаларының бірінің деректеріне негізделген зерттеу авторлары жасады. Бұл тарапта ғалымдар Британ биобанкынан 277 489 адамның мәліметтерін талдады - олардың барлығы зерттеу басталған сәтте 40-69 жас аралығында болды және жеті түрлі ауру бойынша диагнозы жоқ болатын. Зерттеушілер бұл бағытта алдымен жиі шатастырылатын екі ұғымның аражігін ажыратты. Жалғыздық субъективті: адам адамдардың ортасында өмір сүре алады және өзін жалғыз сезінеді. Әлеуметтік оқшаулану – қоғам мүшелерімен байланыстардың сиреуі, серіктестің болмауы, қоғамдық өмірге мейлінше аз қатысу. Әрбір фактордың дәрежесі жеке бағаланды, ал қатысушылар олардың үйлесімі бойынша төрт топқа бөлінді. Статистикалық модел 50 адамнан бастап жаңадан жабысатын ауру түрлерінсіз қанша жыл өмір сүретінін есептеді. Бір мезгілде жалғыздық пен объективті оқшаулану сезімінен зардап шеккен ерлер тұрақты әлеуметтік байланыстарды үзбегендермен салыстырғанда 5,8 жыл психикалық сау өмірден айырылды. Әйелдер үшін шығын 3,7 жасты құрады. Психикалық денсаулық дененің денсаулығынан едәуір көп зардап шекті, әсіресе, ерлерде бұл көрсеткіш жоғары болды. Салыстырмалы түрде жалғыздықты ұдайы сезінуге қарағанда шығын аз болғанымен әлеуметтен оқшаулану да денсаулыққа кері әсерін тигізетіні анықталған. Екі фактордың ықпалындағы тәні сау әйелдердің 2,4 жыл өмірі қысқарған, ерлер - 1,7 жыл. Бұл ретте саламатты өмір салты ғұмыр шығынын әжептәуір жеңілдеткен: зерттеуге тартылғандар зиянды әдеттерге үйір емес, тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысады және дұрыс тамақтанады бар.