Соқырлықтың дауасы: жасанды көз торы өсірілді
Соқырлықтың дауасы: жасанды көз торы өсірілді
1 жыл бұрын 1276 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Лондон университеттік колледжінде өсірілген жасанды торлы қабық

Көру қабілетінің жоғалуымен күресу жолдарын зерттеу аясында ғалымдар жаңа технологияны қолданып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар тарихта алғаш рет жасанды көз торын жасады, әлірегі, зертхана өсірді. «Түтік торы» соқырлықтың негізгі түрін мейлінше тиімді емдеуге мүмкіндік бермек. Лондон университеттік колледжінің ғалымдары сирек кездесетін генетикалық ауру – Ашер (Ушер деп те айтылады) синдромы бар жастардың жасушаларын сынақтан өткізді. Жасушаларды кез келген адам жасушасын қайта жасай алатын діңгекті жасушаларын қалыптастыру үшін қайта бағдарламалауға болады. Осылайша ғалымдар жеті түрлі жасушаларды үлгіні қалыптастыруға мәжбүр етіп, шын мәнінде, жарықты аулауға қабілетті шағын торды жасады. Бұл процесте көздің торын «кесіп өтетін», көзге қуат беретін Мюллер жасушалары маңызды рөл атқаратыны белгілі болды. Калифорния университетінің Бала денсаулығы институтының даму биологиясы және генетикасы профессоры Жейн Соуденнің айтуынша, зертханада «шағын көз торын» өсіру өз кезегінде бұл саладағы елеулі жаңалық. Ғалымдар Ушер синдромы бар үш бала үшін діңгекті жасушаларынан шағын көз торын қалпына келтірген. Ғалымдар бұл арада бар кінәрат Мюллер жасушаларында екенін түсінді - олар зақымдалған және генетикалық қателікке байланысты жарамсыз болып қалған. Ұзын саны шағын көздегі 40 000-ға жуық жасуша талданды. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар ДНҚ-дан кейбір деректерді (генетикалық материалды) ақуызға айналдыратын РНҚ молекуласына назар аударды. Зерттеушілер жақын болашақта көздің көру қабілетінің жоғалуына әкелетін торлы қабықтағы бұл процесті тежейтін дәрі жасамақ.

Ұқсас материалдар:

«Биологтар соқырлықты емдеу үшін көз торының жасушасын жасауды үйренді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologtar-soqyrlyqty-emdeu-ushin-koz-torynyn-jasushasyn-jasaudy-uirendi-13405/#gsc.tab=0);

«Жасанды көз торының өндірісін бірнеше есе арттыра алатын технология табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-koz-torynyn-ondirisin-birneshe-ese-arttyra-alatyn-tehnologiya-tabyldy-14326/#gsc.tab=0);

«Соқырлықтың пайда болуына ықпал ететін ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/soqyrlyqtyn-paida-boluyna-yqpal-etetin-gen-tabyldy-16442/#gsc.tab=0);

«Бір ген бар, көздің көру қабілетін жақсартатын» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bir-gen-bar-kozdin-koru-qabiletin-jaqsartatyn-14536/#gsc.tab=0);

«Зағиптердің көру қабілетін қалыптастыру үшін генді редакциялайтын әдіс қолданды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zagipterdin-koru-qabiletin-qalyptastyru-ushin-gendi-redaktsiyalaityn-adis-qoldandy-13295/#gsc.tab=0);

«Гендік терапия көмегімен көрсоқыр тышқанның көру қабілеті қалпына келтірілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-komegimen-korsoqyr-tyshqannyn-koru-qabileti-qalpyna-keltirildi-14325/#gsc.tab=0);

«Гиалуронды қышқыл глаукомадан қорғайтын болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gialurondy-qyshqyl-glaukomadan-qorgaityn-bolyp-shyqty-14545/#gsc.tab=0);

«90% жағдайда соқырлыққа бастайтын себеп анықталды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/90-jagdaida-soqyrlyqqa-bastaityn-sebep-anyqtaldy-17627/#gsc.tab=0);

«Болашақ медицинасы: көз торының ақуызы өздігінен қалай қалпына келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaq-meditsinasy-koz-torynyn-aquyzy-ozdiginen-qalai-qalpyna-keledi-15406/#gsc.tab=0);

«Көз ауруларының еміне қатысты 4 жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/koz-aurularynyn-emine-qatysty-4-janalyq-17036/#gsc.tab=0);

«Зағиптың көру қабілетін қалпына келтіретін имплант жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/zagiptyn-koru-qabiletin-qalpyna-keltiretin-implant-jasaldy-17266/#gsc.tab=0);

«Ми имплантаты зағип жандарға сәл де болса көру қабілетін қайтарады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mi-implantaty-zagip-jandarga-sal-de-bolsa-koru-qabiletin-qaitarady-video-12416/#gsc.tab=0)

«Адам зақымдалған ағзасын табиғи жолмен өз денесінде өсіре ала ма – адам бойынан регенерация гені табылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-zaqymdalgan-agzasyn-tabigi-jolmen-oz-denesinde-osire-ala-ma-adam-boiynan-regeneratsiya-geni-tabyldy-14244/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат