Саңырауқұлақ қатерлі ісіктің белгісі болып шықты – зерттеу
Саңырауқұлақ қатерлі ісіктің белгісі болып шықты – зерттеу
2 жыл бұрын 1201 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кейбір америкалық және израилдік ғалымдардың пікірінше, саңырауқұлақ қатерлі ісік ауруының айқын белгісі болып табылады. Қан анализінің көмегімен мұндай ауытқуды анықтауға болады.  Бұл жайында islam.kz порталы The Times of Israel ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көптеген ісіктер ДНҚ-ның қанға бөліп шығаратын саңырауқұлақтармен зақымдалған. АҚШ-тағы әріптестерімен бұл бағытта жұмыс істей отырып, израилдік ғалымдар тіндерде қандай саңырауқұлақтар өмір сүретінін алғаш рет құжаттау үшін 17 000 қатерлі ісік науқасының ісіктерін зерттеді. Адамдардың бойынан саңырауқұлақтарды іздеу ісік ауруын ерте анықтаудың мүлдем жаңа әдісін ұсына алады, дейді израильдік ғалымдар рецензияланған бұл тараптағы тың зерттеуде. Осы уақытқа дейін қатерлі ісіктегі саңырауқұлаққа қатысты зерттеу аз жүргізілгенін айта кету керек, осы уақытқа дейін ғалымдар мұны сирек кездесетін құбылысқа жатқызғандықтан көп назар аударған емес. Уайсман ғылыми институтының докторы Илана Ливиатанның тобы осы тақырыптың өзіндік «атласын» жасады. Мұндай картаны қатерлі ісікті диагностикалауға арналған скринингтің жаса әдісін жасауға болады. Саңырауқұлақтардың ДНҚ-сын тек қаннан анықтауға болады. «Атлас» ісіктердің 35 түрін сипаттайды, дәлірегі, қандай саңырауқұлақтар екенін көрсетеді. Мұндай тест (сынақ) қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтап қана қоймай, сонымен қатар, оның дененің қай жерде болуы мүмкін екенін көрсетуі мүмкін. Бұл тәсіл ісіктердегі саңырауқұлақтарды іздеуге көмектесетін қарапайым қан анализі арқылы қатерлі ісік диагностикасының жаңа әдісін ұсына алады.

Ұқсас материалдар:

«Қауіпті вирус сирек кездесетін қатерлі ісіктің түрін тудырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qauipti-virus-sirek-kezdesetin-qaterli-isiktin-turin-tudyrady-16254/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік тудыруға қабілетті вирустар аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-tudyruga-qabiletti-virustar-ataldy-14961/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісікпен вирус көмегімен күресу тәсілі пайда болды. Қатерлі ісікпен күресуге арналған, бактерия негізінде биоробот жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isikpen-virus-komegimen-kuresu-tasili-paida-boldy-qaterli-isikpen-kuresuge-arnalgan-bakteriya-negizinde-biorobot-jasaldy-17166/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат