Қауесетпен және ғайбатпен күресетін мамандар даярланады
Қауесетпен және ғайбатпен күресетін мамандар даярланады
2 жыл бұрын 914 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испанияның Витория-Гастейс қаласының әкімшілігі қауесетпен және ғайбатпен күресетін мамандар даярлауға кіріседі. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы дайындықтан өткен сарапшылар мигранттарға қарсы нәсілдік кемсітушілік пен қоғамда қалыптасқан жаңсақ ұғыммен күресуді алдына мақсат етіп қояды, дәлірегі, мигранттар төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелердің қаншалықты негізі барын анықтайды немесе жоққа шығарады. Болашақ мамандарға конспирологиялық теориялар мен жалған жаңалықтардың қалай пайда болатыны және оның салдары мен зардаптары неге ұрындыратыны жөнінде дәріс беріледі. Сонымен қатар, сыни ойлау дағдысын қалыптастырады немесе ұштайды. Осы орайда еуропалықтардың 40%-ның туған-туыстарының арасында мигранттар бары анықталғанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, қартаю процесі қарқын алған кәрі құрлықтағы жұмысшы күшін еңбек мигранттары есебінен шешуді көздегендіктен мұндай шараның еуропалық экономикаға пайдасы тиеді, деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат