Саңырау адамдар үшін түбегейлі жаңа құрылғы жасалды
Саңырау адамдар үшін түбегейлі жаңа құрылғы жасалды
1 жыл бұрын 1827 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құрылғыда кернеу сенсорлары және терең оқыту алгоритмі бар. Олардың арқасында ол сөйлеуді таниды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік кореялық ғалымдар жасаған жаңа сөйлеуді тану жүйесі бет қимылын бақылай отырып, сөздерді дәл таниды. Бұл түбегейлі жаңа жүйе есту қабілеті бұзылған, яғни, құлағының мүкісі бар адамдарға көмектеседі. Бұрын олар тек кохлеарлық имплант немесе есту аппаратын пайдалана алатын. Кохлеарлық имплантация екі құлағы естімейтін немесе құлағы ауыр саңыраулар үшін қажет. Есту аппараты тек дыбысты күшейтеді. Керісінше, кохлеарлық имплант дыбыстарды түрлендіру және нақтылау үшін арнайы бағдарламалар жинағын пайдаланады, бұл дауысты мейлінше табиғи етеді. Жаңа құрылғының авторлары әрқашан ымдау тілі арқылы сөйлесе алмайтын есту қабілеті бұзылған науқастарға көмектескісі келді. Дегенмен, құрылғы қоршаған орта шуы радиобайланысқа кедергі келтіретін төтенше жағдайдағы қарапайым адамдар үшін де пайдалы. Құрылғыда терінің қозғалысын - адам сөздерді айтқан кезде жиырылуы мен кеңеюін түсіретін кернеу сенсорлары бар. Содан кейін бет қимылын сөзге айналдыратын терең оқыту алгоритмі қосылады. Қазіргі уақытта аталмыш жүйе 100 сөзден тұратын жиынды 88 пайызға дерлік дәлдікпен тани алады. Құрылғы авторларының айтуынша, тер мен май сенсорлардың жұмысына кедергі келтірмейді. Құрылғының өзі жобаланған аналогтардан (ұқсас түрлерінен) әлдеқайда шағын.

Ұқсас материал:

«Шотланд ғалымдары, тіпті, масканың арғы жағынан еріндерді «оқитын» есту аппаратын ойлап тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shotland-galymdary-tipti-maskanyn-argy-jagynan-erinderdi-oqityn-estu-apparatyn-oilap-tapty-video-17358/#gsc.tab=0);

«Имплантсыз, аппаратсыз құлақтың есту қабілетін қалпына келтіру жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/implantsyz-apparatsyz-qulaqtyn-estu-qabiletin-qalpyna-keltiru-joly-tabyldy-16610/#gsc.tab=0);

«Саудиялық студенттің құрылғысы саңыраулардың көлік жүргізуіне мүмкіндік береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/saudiyalyq-studenttin-qurylgysy-sanyraulardyn-kolik-jurgizuine-mumkindik-beredi-14742/#gsc.tab=0);

«Кереңдікті емдеуге арналған ген жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kerendikti-emdeuge-arnalgan-gen-jasaldy-14582/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат