Робот итті ой күшімен басқарудың әдісі табылды
Робот итті ой күшімен басқарудың әдісі табылды
5 сағат бұрын 76 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірегей жүйе ми сигналы бойынша адамның ниетін таниды, ал қалғанын роботтың өзі атқарады, дәлірегі, бағыт-бағдарды қай жерде кедергілер барын алгоритм анықтайды. Осылайша адамға түсетін салмақты жеңілдетеді, яғни, роботтың бағдарын айқындау әрі тосқауылдарды айналып өтуін жолын табу секілді әуреден құтқарады. Бұл жайында islam.kz порталы Синьхуа ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сиандағы Жиатун университетінде робот-итті ұандай да бір құралсыз басқаруға мүмкіндік беретін айрықша жүйе құрылды - адам бар-жоғы қажетті әрекет туралы ойласа жеткілікті. Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? Өзгеше жүйенің негізінде инвазивті емес «ми-компьютер» интерфейсі жатыр. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл құрылғы мидың электр сигналдарын операция жасамай, имплантсыз, бастағы датчиктер арқылы оқиды. Адам «алға» деген ниетті қалыптастырғанда, ми өзіне тән белгіні шығарады. Жүйе оны таниды, командаға ауыстырады және роботқа жібереді. Қазіргі уақытта робот негізгі 11 бұйрықты түсінеді әрі орындайды: алға және артқа қозғалады, бұрылады, т.б. Бұйрықты орындау дәлдігі - 95 %, ал адам ойы мен оны роботтың орындау арасындағы уақыт бір секундқа да жетпейді. Миға тікелей жалғау технологиясы бұрыннан бар, десе де ең дәлме-дәл деңгейге миға ота жасау арқылы жетуге болады. Алайда, мұндай процедура инфекциялық ауру (миды ашқан кезде індеттің жұғуы немесе ашық миға қандай да бір микроорганизмнің ену қатері) тудыруы мүмкін. Бұдан бөлек, миға орнатылатын имплантты организм жатырқап қабынуы мүмкін, ақыр соңында ми қызметіне кері әсерін тигізеді. Ал пышақсыз әдіс, яңни, миға құрылғыны жалғау немесе қосу үшін аталған ағзаны ашу қажеттілігін жоятын инвазивті емес әдіс арзанға түседі әрі қолайлы. Десе де мұндай тәсілдің өз кем-кетігі бар: роботтың әр қимылы мен қозғалысын басқару машақаты адамды шаршатуы ықтимал. Осыны ескерген қытай ғалымдары робот пен адамның міндеттерін бөлуге ден қойды. Мұндай жүйе жүріс-тұрысы қиындаған қарттарды күтуде, науқасты оңалтуда, яғни, аурудан айықтыруда, ерекше қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге көп жәрдемін тигізе алады.

0 пікір
Мұрағат