Адамзат саны жер асырай алатын шектен асты
Адамзат саны жер асырай алатын шектен асты
5 сағат бұрын 96 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың саны ресурстарды тұтынудың қазіргі қарқынымен алғанда жердің асырау қабілет деңгейінен асты. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Демографиялық деректерді және соңғы жиырма жылдағы ресурстарды пайдалану динамикасын талдаған ғалымдар осындай тұжырым жасай келе “асырау қабілет”ұғымына негізделген тұжырымдаманы басшылыққа алды. Мұндай көрсеткіш ресчурстардың сарқылмауына жол бермейтін адамзаттың санына шақталған: қазіргі жағдайда осы көрсеткіштің үддесінен шығу үшін ең оңтайлы сан - шамамен 2,5 млн. Алайда, адамзаттың қарасы бүгінгі таңда 8 млрд-тан асып кеткен. Жердің қазіргі асырау мүмкіндігі мен өзіне түскен салмақтың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар. Ғалымдардың есебінше, адамзат санының өсу қарқыны таяу жылдары баяулағанымен осы ғасырдың екінші жартысында 11-12 млрд-қа жетіп қалуы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат