РНҚ-ның қосылуы және ажыратылуы: ген экспрессиясын қалай реттейді (видео)
РНҚ-ның қосылуы және ажыратылуы: ген экспрессиясын қалай реттейді (видео)
3 жыл бұрын 2357 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар РНҚ тізбегінің орын ауыстырып, құрылымды «қосу» және «ажырату» күйлерінің арасында жылжитынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы news.northwestern.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РНҚ-ның қосу тетігі (рибоқосушы деп те аталады) қай генді белсендіріп, қай генді белсенділігінен айыратынын анықтайды. Бұл процесс қарапайым көрінгенімен оның деталдары тыңғылықты зерттелмеген болатын. Бұл тарапта компьютерлік моделдеу арқылы тәжірибе барысында ғалымдар РНҚ-ның бір бөлігінің сол РНҚ-ның басқа бөлігін ығыстырып, құрылымның пішінін шапшаң және күрт өзгертетініне куә болды. Бұл тетік генетикалық экспрессияға (ұрпақан ұрпаққа берілетін гендегі ақпараттың нақты бір функциялық өнімдерге, атап айтқанда, РНҚ-ға немесе ақуызға айналу процесі – ред.) әсер ететін болып шықты. Аталмыш зерттеу кезінде ғалымдар гендерді ажыратып, қосатын рибоқосушыны моделдеп көрген екен. Осы орайда естеріңізге сала кетсек, рибоқосқыш  мРНҚ-ның цисрегуляциясын жүзеге асыратын нуклеотидтер тізбегінен тұрады. Рибоқосқыш лигандамен (шағын молекулалармен, мәселен, кобамамидпен, тиаминпирофосфатпен, лизинмен, глицинмен, флавинмононуклеотидпен, гуанинме, аденинмен, т.б.) байланысады. Осылайша ғалымдар рибоқосқыштың баяулатылған симуляциясын әрекет үстінде жақыннан көруге мүмкіндік алған. Ол РНҚ-ны үш өлшемде моделдейді, оның ұзындығы бойынша өзара әрекеттеседі және генді қосу немесе өшіру үшін бүктеледі. Бұл жаңалық өз кезегінде РНҚ негізінде диагноз қоюға әрі дәрі-дәрмек жасауға көмектеседі.

Ұқсас материалдар:

«РНҚ-ның эволюцияға ұшырайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-evolyutsiyaga-ushyraityny-belgili-boldy-16555/#gsc.tab=0);

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0);

«Биологтер РНҚ-дан 10 есе көп ақпарат алудың жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biologter-rnq-dan-10-ese-kop-aqparat-aludyn-jolyn-tapty-14272/#gsc.tab=0);

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-jasushaga-enu-barysyndagy-ozgeshe-bii-video-14849/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ны репликациялаушы ақуыздары жоқ организм табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-ny-replikatsiyalaushy-aquyzdary-joq-organizm-tabyldy-15011/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат