Қытайда биязы жүнді қысқа құйрықты қойлар шығарылды
Қытайда биязы жүнді қысқа құйрықты қойлар шығарылды
2 жыл бұрын 2021 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары гендік өңдеу арқылы әлемде алғаш рет қысқа құйрықты биязы жүнді қойларды сәтті өсірді. Бұл жайында islam.kz порталы Genome Research мерзімді басылымында жарияланған «Памир арқарының, тибет қойларының және олардың будандарының геномдық талдауы хромосомалардың эволюциясы, фенотиптік вариация және ұрық плазмасының инновациялары туралы түсінік береді» деп аталатын мақалаға және Синхауа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лиу Минжун есімді Шыңжаң Жануартану академиясының ғалымы құйрықтың ұзындығы отандық қой тұқымдарының ерекше белгілерінің бірі екенін алға тартып отыр. Ұзын құйрық шағылысу кезінде инфекциялық ауруды жұқтыру қатерін арттырады әрі төлдеу процесіне, яғни, өсіп-өнуіне кері әсерін тигізеді. Ластану салдарынан биязы жүнді қойлардың жүн сапасы да төмендейді, сондықтан қозы кезінде құйрығын қысқартуды қажет етеді. Қытай аумағында 173 млн қой бар, бұл көрсеткіш күллі әлемдегі қой санының 13,5 пайызын құрайды.

0 пікір
Мұрағат