Қолдың тастай суық болып тұруы неден
Қолдың тастай суық болып тұруы неден
3 жыл бұрын 5979 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қолдың тастай суық болып тұруы, тіпті, дені сау адамнның өзінде сирек те болса кездесетін физиологиялық құбылыс. Десе де суықтан кейде икемге келмесе де адамның мазасын қашырмайтындықтан мұндай құбылысқа аса мән бере бермейді. Таяуда «Звезда» телеарнасына Павел Хорошев есімді невролог дәрігер сұхбат берген екен. Маманның айтуынша, қолдың тастай суық болуы тамырдың тарылуынан болады. Басқалай себебі жоқ, алайда, тамырдың тарылуына түрлі фактор әсер ететінін жоққа шығармайды. Бұл енді өз алдына бөлек басқа тақырып болғандықтан тоқталып жатпаймыз. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейде организмнің суыққа патологиялық (шектен тыс) реакция танытуынан да адамның қолы тастай суық тартуы мүмкін. Осындай себеппен қолдың тастай суық тартуын медицинада Рейно деген атпен белгілі дерттен де көріп жатады. Я болмаса қан қысымының төмендеуінен немесе қандай да бір дәрі қабылдағанда организмнің реакциясынан адамның қолы суық тартуы мүмкін. Павел Хорошевтің сөзіне қарағанда, қандай да бір себеппен адамның қан қысымы төмендесе, организм қан жоғалтты ма деген «оймен» қан айналысын, яғни, ағынын шектеу үшін уақытша тамырларды тарылтады.

0 пікір
Мұрағат