Қауіпті бактерия метастазды тоқтатты
Қауіпті бактерия метастазды тоқтатты
2 жыл бұрын 1357 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет университетінің ғалымдары салмонелла бактерияның көмегімен ісікке дәріні жеткізу жүйесін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салмонелла — адамның ішөтуін (диарея), адамның жанына бататын ауру тудыратын бактерия. Салмонелла жасушаға еніп, вакуоляда (жасуша органелласы, дәлірегі, бір мембраналы органоид) өсіп-өне алады. Жасушаға ену – аса күрделі процесс, ол үшін ақуыздың бірнеше түрін істеп шығара алатын (генерация) қабілет керек. Ғалымдар салмонелла бактериясының осы ерекшелігін пайдаланып отыр – ісікке тікелей дәрілік затты жеткізу үшін. Ғалымдар бұл бұл тарапта жасушаға енуге қажетті компоненттерді синтездейтін flhDC реттеуші ақуызды түрлендіріп көрген екен, яғни, модификациялаған болатын. Биологтер осылайша салмонелланы flhDC ақуыз деңгейі жоғары бактерияға айналдырады. Ауру тудыратын бактерияның сау жасушаларды зақымдамасы үшін қандай да бір генді белсендіретін бактерия ДНҚ-сындағы аймақ - SPI2 промоторын (ДНҚ нуклеотидтер тізбектілігі) пайдаланған еді.Ол тек жасуша ішінде ғана әрекет ете алады. Осыдан соң оның жанына бактерия жасушаларының өздігінен жойылуына ықпал ететін генді орналастырады. Аталмыш зерттеудің ақырғы кезеңінде ғалымдар бактерияны қажетті генді қоса отырып, белгілі бір затты синтездеуге мәжбүрлей алды. Бұл жүйенің қауіпсіздігін зертханадағы тышқандарға тәжірибе жүргізіп тексеріп көрді – дәрі сау ағзаларға жиналмайтыны, яғни, сау ағзаларды зақымдамайтыны анықталды. Сондай-ақ, ғалымдар жаңа жүйені қолданыстағы ингредиенттерде де сынап көрген екен: нәтижесінде NIPP1-CD және CT Casp-3 ақуыздары ісіктің өсуін баяулатып, метастаздың пайда болуының алдын алды.

0 пікір
Мұрағат