Ирландықтар 1 млн-нан аса ірі қараны өлтіруге мәжбүр
Ирландықтар 1 млн-нан аса ірі қараны өлтіруге мәжбүр
3 жыл бұрын 6541 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Ауыл шаруашылығына көп тәуелді ирландықтар жаһандық жылынуға қарсы радикалды шараға баруына тура келеді, дәлірегі, планетаны қауіпті газдан азат ету үшін – метанның атмосфераға бөліну мөлшерін азайту үшін елдегі 1,3 млн ірі қараны соятын болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Климатқа теріс әсері үшін ірі қаралардың көзін жою туралы мәлімдемені Ирландияда жарық көретін Irish Farmers Journal мерзімді апталық басылымның тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенген аудиторлық фирма сарапшылары жасады. Олардың есебінше, Ирландияның қоршаған ортаны жалпы ластау көрсеткішіне шаққанда аталған елдің ауыл шаруашылығының үлесі 35 пайызды құраған, бұл үлкен көрсеткіш. Салыстырмалы түрде. Ал Еуропада бұл көрсеткіш ары кетсе 11 пайыздан аспайды. Осы ауыл шаруашылығының атмосфераны ластау көрсеткішінің жартысынан астамын (60 пайыз) сиыр көңінен бөлінетін метан құрап отыр. Осы тұста Ирландияның атмосфераға бөлінетін метанды 2030 жылға дейін 2020 жылғы деңгейге шаққанда 30 пайызға азайту жөнінде міндеттеме алған болатын. Әлем қауымдастығы алдынды. Бұдан бөлек, аталған ел билігі 2030 жылға дейін атмосфераны көмірқышқыл газымен ластау деңгейін 50 пайызға дейін кемітуге уәде беріп отыр. KPMG (әлемнің 147 елінде аудиторлық, салықтық және консултациялық қызмет көрсететін халықаралық желі) сарапшыларының есебінше, Ирланидия билігінің ел аумағында атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды ауыл шаруашылығы есебінен 30 пайызға қысқартуды көздесе – 4 млрд еуро табыстан айырылады әрі 56 мың жұмыс орны жабылады. Бұдан бөлек, елдегі 6,5 млн бас сиырдың 1,3 млн-ын жоюы тиіс. Халықаралық энергетика комиссиясы келтірген мәліметке қарағанда, метанның ауаға бөліну мөлшерін күрт азайтар болса, жаһандық жылынудың қарқынын баяулатуға болады. Метанды мұнай-газ өнеркәсібі көп бөледі. The Guardian ақпарат көзінің дерегінше, метан – аса қуатты парникті газ, ол планетаны ластауда көмірқышқыл газына қарағанда 80 пайыз белсенді. Ластау қарқыны бойынша. Метан табиғи газдың негізгі компоненті: табиғи газдың құрамындағы оның үлесі 98 пайызға дейін жетуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат