Қатерлі ісікті иммундық терапия көмегімен емдеуде айрықша жетістікке жетті
Қатерлі ісікті иммундық терапия көмегімен емдеуде айрықша жетістікке жетті
2 жыл бұрын 1461 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары иммундық терапия көмегімен қатерлі ісікті емдеуде елеулі жетістікке жетті. Дәлірегі, Қытайдың ғылым және технология университетінің хабарлауынша, емдеудің әлеуетті нысанасы ретінде нақты бір гормондық рецепторды таңдаған. Бұл жайында islam.kz порталы Science ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, MC5R рецепторы ісіктердің өсуіне ықпал ететін гипофиз безі шығаратын α-MSH деп аталатын гормонмен әрекеттесетін болып шықты. Бұл жаңалықты ісік иммунитетіндегі гипоталамус-гипофиз осінің рөлін зерттейтін университет зерттеушілері бастаған топ ашты. Олар ісіктері бар тышқандардағы әртүрлі гормондардың деңгейін зерттеп, оларда α-MSH деңгейі айтарлықтай жоғарылағанын анықтады. Гормонның жоғары деңгейі адам ағзасындағы ісіктердің өсуіне әкелуі мүмкін, миелоидты жасушалардың жиналуына және оның MC5R рецепторы арқылы иммундық қысымның төмендеуіне ықпал етеді. Ғалымдар MC5R гормонының әрекетін тоқтату арқылы оны иммундық терапияның нысанасы ретінде таңдап отыр. Аталмыш қытай жоғарғы оқу орнының ғалымдары бұл тараптағы бұрынғы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, күйзеліс пен стрестің қатерлі ісіктің дамуын тездетіп, иммундық терапияны тиімсіз ететінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат