Қатерлі ісіктен микробтың ізі табылды
Қатерлі ісіктен микробтың ізі табылды
3 жыл бұрын 1898 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Компьютерлік алгоритм қатерлі ісіктің диагнозын анықтау үшін пайдалануға болатын қанда жүзіп жүрген микроб ДНҚ-сын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бактерияларды қатерлі ісікті емдеуде пайдаланып көруге тырысып жүр: біріншіден, бактерия қатерлі ісік жойған иммунитетті ынталандырады; екіншіден, бактерияның өзінде қатерлі ісікке улы болып келетін ақуыз кездеседі; үшіншіден, бактерияны дерт жайлаған ауру ошағына қатерлі ісікке қарсы затты жеткізетін дәріге қосуды көздеп отыр; ең бастысы – ішек микрофлорасы химиялық терапияның тиімділігін арттырады. Ал екінші жағынан, бактериялар қатерлі ісік пайдасына жарауы мүмкін: мәселен, метастаздалатын (таралатын) жасушаға жаңа орнында бекуіне көмектеседі. Бактерия ДНҚ-сын тек ішектегі ғана емес, сонымен қатар, түрлі ағзалардағы қатерлі ісіктен табылды; тіпті, сау тіндерден де бактерия ДНҚ-сы табылғанын айта кету керек. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары алдымен өзіндік ерекшелігі бар микробтық нуклеиндік қышқыл (ДНҚ және РНҚ) арқылы пациенттің бойында қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтауға пайдалануға бола ма, жоқ па, осы сауалдың жауабын табуға талпыныс жасады. Осы мақсатта қатерлі ісіктің 33 түрін қамтыған 17 мың үлгіден гендік деректерді сараптады. Бұлар тек алғашқы кездегі немесе метастазданып үлгерген қатерлі ісіктің ғана емес, сонымен бірге, сау тіндер мен қан үлгілерінен алынған гендік деректер болатын. Ондағы зерделеуге келетін ДНҚ және РНҚ тізбектерін жасанды зерде көмегімен өңдей отырып, арасынан микробтарға қатысы бар гендерді бөліп алды. Нәтижесінде бактерияларға, вирустарға тиесілі ДНҚ мен РНҚ тізбектері табылды, дәлірегі, барлық зерделенген гендік деректер сараптамасынан белгілі болғандай, нақты 12,6%-ы бактериялар мен вирустардікі болып шықты. Алынғын мәліметтер бұрынғы зерттеу нәтижелерімен салыстырылды, мәселен, Fusobacterium бактериясы асқазан-ішек қатерлі ісігіне ықпал ететін болып шыққан,  ал Alphapapillomavirus и Hepacivirus вирусының ізі жатыр, бас, мойын қатерлі ісіктерінен кездескен. Сондай-ақ, компьютерлік алгоритм сау тіндерден қатерлі ісік шалған тіндерді ажырата алуды, қатерлі ісік түрлерін, бір ғана қатерлі ісіктің даму сатыларын микроб іздері негізінде ажыратуды меңгерген болатын. Десе де мұндағы ең басты сауалдар жауабы сол күйі шешусіз қалды: қатерлі ісікке микроб ДНҚ-сы қалай тап болып жүр? Қатерлі ісіктің өзіндегі микробтардан ба әлде өзге аймақтан немесе сырттан енген бактериялар мен вирустардың ізі ме? Егер расымен де қатерлі ісікте тірі микробтар болса, олардың қатерлі ісікке қандай қатысы бар, оларды қатерлі ісікке қарсы пайдалануға бола ма – тек диагностикадан өзге. 

0 пікір
Мұрағат