Қарттар жадысының нашар болу себебі аталды
Қарттар жадысының нашар болу себебі аталды
2 жыл бұрын 1912 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың топшылауынша, адамның өмір бойы жинаған білімі оның есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізіп, жадысының нашарлауына апарып соқтырады. Бұл жайында islam.kz порталы dailymail.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген Гарвард, Колумбия және Торонто жоғарғы оқу орындарының ғалымдары адамның жасы ұлғайған сайын жадысының нашарлау себептеріне үңіліп көрген екен. Олардың пайымдауынша, өмір бойы көрген-баққан ақпараттар мен деректер мида көп орын алады, осыған байланысты нақты керектігісін есіне түсіре алмай қалады. Яғни, бейнелеп айтқанда, қаптаған заттар арасынан қажетті нәрсесін іздеу қиындық тудырады. «Қарт адамда өмірді жақсы біледі, алайда, жас адамдармен салыстырғанда зертханалық тапсырмаларды орындау барысында эпизодтық жадысынан «ақсап» жатады. Бұл кереғарлықтың түп-төркіні, ішінара алғанда, түрлі ақпараттың тосқауыл болуында жатыр. Бұл өз кезегінде нақты бір ақпаратты алуда қиындық тудырады»,- деп түсіндіреді бұл бағытта жарияланған мақалада. Десе де ғалымдар егде жастағы адамдардың өмірлік бай тәжірибесі шығармашылық қабілетті шыңдап, тиімді шешім қабылдауға ықпал етеді. Яғни, ақпараттардың молдығынан қарттар конгнитивті міндеттерді орындау кезінде жастарға қарағанда бұрынғы білімен арқа сүйеп жатады.          

0 пікір
Мұрағат