Кәріліктен қорғайтын, бұрын беймәлім болып келген тетік анықталды
Кәріліктен қорғайтын, бұрын беймәлім болып келген тетік анықталды
3 жыл бұрын 3123 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың батыс резервтік аймағындағы Кейс университетінің ғалымдары бұрын белгісіз болып келген ДНҚ-ны қорғайтын тетікті тапты – ол гендегі тұрақсыздықтың алдын алады, ерте қартаюдан сақтайды әрі жасушаның қатерлі ісікке шалдығуының алдын алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған  Nature Communication мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада зақымдалған генді қалпына келтіретін молекула ретінде сипатталатын 53BP1 ақуызы турасында сөз болып отыр. 53BP1 ақуызы генің қайта түзілуі  қатерін тудыратын екі тізбекті ДНҚ-ның ажыраған жерін қалпына келтіруге атсалысады. Бұл қосылыс гомологиялық емес ұштарды біріктіруді (NHEJ) ынталандырады, бұл ДНҚ «жіптерін» жөндеудің бір түрі, оның зақымдалған ұштары тікелей «бір-біріне тігіледі». Дегенмен бұл процесс мутацияға ұрындыратынын айта кету керек, мәселен, гомологиялық ұштардың қосылуының, NHEJ-ге жауапты тетіктердің дисфункциясыың жасуша үшін зардабы ауыр салдары барын да айта кеткен жөн, ол ол ма, оны қатерлі ісік жасушасына айналдыруы мүмкін. 53BP1 ақуызы, сонымен қатар, хромосомалар тығыз орналасқан гетерохроматинмен әрекеттеседі, бұл оның құрамындағы гендердің белсенділігін басып тастайды. Гетерохроматин ДНҚ құрылымын сақтауға атсалысады әрі гендердің белсенділігін реттейді, ал ол жоғалса, гендер тұрақсыз күйге түседі әрі организм шапшаң қартаяды. Гетерохроматиннің қалыптасуында HP1α ақуызы маңызды рөл ойнайды. 53BP1 ауқызы HP1α ақуызымен бірге сұйық-сұйық түріндегі кезеңдік бөліну фазасынан өтеді. Жасушада олар ақуыздар мен нуклеотидтерден «тамшы» түрінде түрлі мембраналық емес құрылымдардың пайда болуына ықпал етеді  -  бұл процесс молекуланың айналасынан бөлінуіне мүмкіндік беретін қосылыстың концентрациясы (шоғырлану деңгейі) шекті мәніне жеткенде орын алады. Ғалымдар бұрыннан байқағандай аталмыш процеске гетерохроматиннің қалыптасуына қатысатын ақуыздар ұшарайды, десе де фазалардың бөлінуі ДНҚ-ның реттелуінде тікелей рөл атқара ма және қандай жолмен атсалысатыны белгісіз болып қалды. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеуді тереңдетіп, гетерохроматинге қалай әсер ететінін көру үшін 53BP1 ақуызының функциясын бұғаттап көреді. 53BP1 ақуызына жауапты геннің жойылуы өз кезегінде гетерохроматин орталықтарының азаюына және «қоқыс» ДНҚ-ның белсенділігінің қалпына келуіне әкелді - тандем қайталануы, яғни, бірінен соң бірі қайталанатын ДНҚ тізбегі турасында сөз болып отыр бұл арада. Фазалық бөлінуге қатысатын ақуыздардың нақты бір бөліетерін анықтаған еді. Мәселен, ДНҚ-ны қалпына келтіруге қабілетсіз болып келетін 53BP1 ақуызының кейбір мутанттық формаларының гетерохроматинді қаптаманы реттеуді әрі жасушаларды қартаюдан қорғауды жалғастырғанын да анықтаған еді. Бұл нені көрсетеді? Бұл функцияларды молекуланың түрлі аймақтарының бөліп алатынын көрсетіп береді. 

0 пікір
Мұрағат