Қан құюдың қатері айтылды
Қан құюдың қатері айтылды
3 жыл бұрын 1640 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдегі Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясының ұлттық медициналық  зерттеу орталығының гематолог дәрігері Дмитрий Евсеев адамға өзінің қан тобына сәйкес келмейтін қан құюдың қандай қатері болатынын тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы URA.RU ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамынның айтуынша, мұндай қателік кетсе, адамның бүйрегі зақымдалып, өліп кетуі мүмкін. Қателікпен қан құюдан болатын кісі өлімі оның қан тобына сәйкес келмейтін қанның қаншалықты мөлшерде құйылғанына байланысты, әлбетте, көп қан құйылса, адамның өлу қатері жоғары. Осылай деген ол пациеттің өзіне басқа топтағы қанның құйылғанын сезе бермейтінін де, сезген күннің өзінде, мұндай жайттың сирек кездесетінін жеткізді. Ал медицина ғылымдарының кандидаты, гематолог дәрігер Светлана Бычкованың сөзіне қарағанда, адамға басқа топтағы қанның құйылуынан эритроциттердің қызметі бұзылып, бүйрек ағзасы істен шығады.

Ұқсас материалдар:

«Адамның қан тобын медициналық тексерусіз анықтаудың бір тәсілі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-qan-tobyn-meditsinalyq-tekserusiz-anyqtaudyn-bir-tasili-aityldy-14486/#gsc.tab=0);

«Қан топтарының әрбіреуіне тән аурулар туралы деректің тағы бір парасы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toptarynyn-arbireuine-tan-aurular-turaly-derektin-tagy-bir-parasy-jariyalandy-15535/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен 49 аурудың арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-49-aurudyn-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-15195/#gsc.tab=0);

«Қан тобы мен қатерлі ісік арасында да байланыс бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-toby-men-qaterli-isik-arasynda-da-bailanys-bar-bolyp-shyqty-14962/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобындағылар ұзағырақ өмір сүреді?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-tobyndagylar-uzagyraq-omir-suredi-14884/#gsc.tab=0);

«Қай қан тобы инфекциядан жақсы қорғалған?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-qan-toby-infektsiyadan-jaqsy-qorgalgan-14632/#gsc.tab=0);

«Адамға ең қауіпті қан тобы анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamga-en-qauipti-qan-toby-anyqtaldy-11723/#gsc.tab=0);

«Барлық қан тобына жарамды жасанды қан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/barlyq-qan-tobyna-jaramdy-jasandy-qan-jasaldy-12455/#gsc.tab=0);

«Әлемде сақтаулы сирек қанның 10%-ы Иранда» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-saqtauly-sirek-qannyn-10-y-iranda-14715/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат