Биік-биік таулардың арасында көкке ұмсынған жалғыз мұнара (видео)
Биік-биік таулардың арасында көкке ұмсынған жалғыз мұнара (видео)
2 жыл бұрын 3067 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тарихи әрі танымдық тағлымы тым тереңде жатқан Жам мұнарасы ауған аумағындағы Гор провинциясында орын тепкен. Адамзаттың  білім, ғылым және мәдениеттегі жетістіктерін түгендеумен айланысатын  UNESCO тізімінде адам қолы жете бермейтін шалғай түкпірдегі ең құнды жәдігер ретінде аты шыққан Жам мұнарасының тағдыры билік басындағы тәліптер радикалды қозғалысын (Қазақстан мен әлемнің көптеген елінде қызметі мен насихатына тыйым салынған) толғандырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы TOLOnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған көне мұра күтімсіздіктен жермен-жексен болудың алдында тұр. Жам мұнарасы 1194 жылы тұрғызылған. Содан бері аттай 7 ғасыр өтіпті. Мұнара кезінде осы өлкедегі Фирузкуқ шаһарынан қалған жалғыз белгі. 1221 жылы жарты әлемді қаһарымен тітіреткен Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін аталған шаһар жермен-жексен болған еді. 1944 жылы мұнара туралы мақала ауғандардың «Анис» атты тарихты зерттеу қоғамының мерзімді басылымында жарық көрді. 1960-шы жылдары италиян ғалымдарының бастамасымен мұнараның іргетасы бекітілді. 2002 жылы Жам мұнарасы Бүкіл әлемдік мәдени мұралар тізіміне еніп, мемлекет қамқорлығы мен қарауына алынды. Адам аяғы баса бермейтін қиын керіш шатқалдағы мұнара осылайша ел көзінен таса жерде елеусіз тозып барады, Қыр асқан сайын қылдырықтай болған мұнараны биіктігі шамамен 1500 метрге жететін тау жоталары қоршап жатыр. Мұнараға ең таяу елді-мекен Жам қышлағының өзі 10 шақырым қашық жатыр. Мұнараның биіктігі – 60 метр. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мұнаралар ішіндегі биіктігі жағынан екінші орында тұрған мұнара, Үндістан астанасындағы осындай Құтыб мұнарасының биіктігі 72,6 м. 

 

0 пікір
Мұрағат