Психологиялық жай-күйдің көзге әсері анықталды
Психологиялық жай-күйдің көзге әсері анықталды
2 жыл бұрын 2515 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Геттинген және Тюбинген (Германия) университеттерінің және Хьюстондағы (АҚШ) Бэйлор медицина колледжінің ғалымдарының халықаралық тобы қорқыныш, толқу немесе зейін қою сияқты психологиялық жағдайға байланысты көз қарашығының тарылу тетігін зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеу барысында ғалымдар тышқандарға түрлі түстегі бейнелерді көрсетті және жануарлардың түрлі күй кешкенін: қорқыныш, қобалжу, үрей, мазасыздану кезіндегі мидың көру қыртысындағы мыңдаған жеке нейрондардың белсенділігін тіркеді. Осы тәжірибе деректері негізінде мидағы нейрондардың реакцияларын имитациялайтын компьютерлік модел жасалды. Содан кейін модел әрбір нейрон үшін мейлінше оңтайлы, көрнекі жарықпен ынталандыруды анықтауға пайдаланылды. Кеміргіштердің көз қарашығы мазасыздану салдарынан кеңейген кезде нейрондардың түс сезімталдығы бірнеше секунд ішінде жасылдан көк түске өзгеретіні анықталды, бұл нейрондар тыныш кезде жасылға, сонымен қатар, белсенді кезде ультракүлгін сәулеге сезімтал келетінін білдіреді. Бұл әсер, әсіресе, жоғарғы жарты шарда аспанды бақылауға жауапты жасушаларда айқын байқалған. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу негізінде мынадай тұжырымға келді: ми мазасыз күй кешкенде көз қарашығы кеңейеді, яғни, көру қабілетіне тікелей әсер етіп, өмір шындығын қабылдауда бұрмалау орын алады. Бұл құбылыстың тетігі сонда – кеңейген көз қарашығы жарықты мол өткізетіндіктен көз торындағы түрлі фоторецептрлерге әсер ете алады, дәлірегі, сезімталдығын арттырады. Ғалымдардың пікірінше, нейрондардың көк түске сезімтал келуі өз кезегінде тышқандарға көк түсті әуеден келетін жыртқыштарды ерте байқауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат