Пластикті қоршаған ортаға қауіпсіз отынға айналдыру жолы табылды
Пластикті қоршаған ортаға қауіпсіз отынға айналдыру жолы табылды
8 ай бұрын 707 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Райс университетінің инженерлері қоршаған ортаға қауіпсіз жолммен, дәлірегі, атмосфераға парникті газды аз бөлетін тәсілмен пластмассадан сутегін алудың технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған қоса, яғни, экологиялық жағынан зиянсыз бұл процесс барысында жанама өнім ретінде болашақтың материалы атанған графен бөлінетіндіктен сутегі отынын өндіру шығынын ақтайтын болады. Ғалымдар пластмасса қалдықтарын шамамен төрт секунд бойы жылдам жоулдық әдіспен қыздырды. Пластмасса температурасын 3 100 К (2 800 ° C) дейін көтеру өз кезегінде сутегіні буландырады, көміртегі атомдарының бір қабатынан жасалған жеңіл және күшті материал графенді түзді. Графеннің электроникада, энергия сақтауда, сенсорларда, композиттерде және биомедициналық құрылғыларда қолданылатынын айта кету керек. Пластикті дем арасында қыздыру үшін оны өңдеудің немесе жуудың қажеті болмайды. Бұл әдіс пластиктің барлық түріне жарамды. Бұл әдісте пластик түрлерінің сутегі мен графен бөлу мөлшері әрқалай. Бөліну мөлшері қыздырылған полимерлі материалдағы, яғни, пластиктегі  сутегі мен көміртегі атомдарының арақатынасына байланысты. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Кевин Уисс есімді ғалымның айтуынша, полиэтиленнің 86%-ы көміртектен, 14%-ы сутектен тұрады. Осы атомдық сутегінің 68%-на дейін тазалығы 94% болатын газ түрінде алынады. Сутегі отынының 95%-на дейін бу-метан риформингін қолдану арқылы өндіріледі. Табиғи газдан сутегі 700-ден 1000 °С-қа дейінгі температурада будың әсерінен бөлінеді. Метан катализатордың қатысуымен бумен әрекеттесіп, сутегі, көмірқышқыл газы және көмірқышқыл газын түзеді. Зерттеушілер пластмасса түріне байланысты сутегінің ұқсас мөлшерін алудың басқа әдістерімен салыстырғанда жоулдік жылдам қыздыру өз кезегінде энергияны тұтынуды 33–95%-ға және парниктік газдардың бөліну мөлшерін 65–89% -ға төмендететінін көрсетті. Сонымен қатар, «егер өндірілген графен нарықтық құнның небәрі 5%-да сатылса, таза сутегін тегін өндіруге болады». Инженерлер жаппай өңдеуге жарамды процесті әзірлеу үшін өндірісті ұлғайту бағытында жұмыс істеуде

Қалдық пластмассадан жасалған наноөлшемді флэш-графен парақтары. Трансмиссиялық электронды микроскоптың суреті. Сурет: Кевин Вайсс, Tour lab (Тур зертханасы)

Ұқсас материал:

«Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastik-paketten-ekologiyalyq-dizeldi-otyn-alyndy-16118/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат