Адам денесінде қанша жасуша бары анықталды
Адам денесінде қанша жасуша бары анықталды
1 жыл бұрын 1263 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бұл бағытта 1500-ден аса зерттеу мен 60 тіндегі, соның ішінде бұлшықет, жүйке және иммундық жасушаларды қоса алғанда 400 жасушы түрлерін сараптамадан өткізді. Нәтижесінде адам организімінде қанша жасуша барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орташа ересек еркекте шамамен 36 триллион жасуша, орташа ересек әйелде 28 триллион, ал 10 жастағы балада шамамен 17 триллион жасуша бар. Десе де организмдегі жасуша көлемі мен саны арасындағы байланыс осы уақытқа дейін зерттелген жоқ. Белгілі болғандай, мұндай байланыс бар болып шықты: жасуша неғұрлым көлемді болса, олардың саны азырақ болады. Бұл дегеніміз, егер жасушалар көлемі бойынша топтастырылса, әрбір кластер жалпы дене массасына (салмағына) бірдей үлес қосады, яғни, сан мен көлем арақатынасы тең.

Ұқсас материалдар:

«Адам денесі секундына қанша млн жасуша істеп шығарады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-denesi-sekundyna-qansha-mln-jasusha-istep-shygarady-14781/#gsc.tab=0);

«Жасушалардың ағзаны қалай қалыптастыратынын көргіңіз келе ме?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasushalardyn-agzany-qalai-qalyptastyratynyn-korginiz-kele-me-video-16435/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат