Өсімдіктің мол өнім беруіне ықпал ететін тетік табылды – фотосинтездің тиімділігі қолдан бірнеше есе арттырылды
Өсімдіктің мол өнім беруіне ықпал ететін тетік табылды – фотосинтездің тиімділігі қолдан бірнеше есе арттырылды
3 жыл бұрын 2035 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар барлық танымал астықты өсімдіктердің мол өнім беруіне ықпал ететін тетікті жария етті, яғни, өсімдіктің фотосинтез тиімділігін арттыратын әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың есебінше, 2050 жылға қарай әлемдегі 9 млрд адамды аш қалдырмау үшін фермерлер мен шаруа қожалықтары шектеулі егістік алқаптарында азық-түлік өнімдерін 50%-дан асыра алудың қолдарын қарастыруы керек. Болашақтағы азық-түлік тапшылығының алдын алу үшін ізденген ғалымдар мол түсім алуға мүмкіндік беретін жоғары технологияны, соның ішінде өсімдіктің фотосинтез процесін барынша жақсартатын тәсілді батыл әрі кеңінен егізуді көздеп отыр. (Фотосинтездің қандай процесс екенін кезінде айтып кеткенбіз – материалдың төменгі жағында берілген сілтемелерден біле аласыздар – ред.). Мәселен, балдырда өзге ауыл шаруашылық өсімдіктеріне қарағанда әлдеқайда фотосинтез процесі тиімді жүреді, сол себепті, ғалымдар цианобактерия элементтерін өзге ауыл шаруашылық өсімдіктеріне енгізу жолында тер төгіп келеді. Корнел университетінің бұл бағыттағы зерттеуінде айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп отыр. Өсімдік фотосинтез процесі кезінде көмірқышқыл газын, суды, жарықты оттегі мен сахарозға (энергия алу үшін және жаңа тінді түзу үшін пайдаланады) айналдырады. Аталмыш процесс кезінде барлық өсімдіктің бойынан кездесетін Рубиско (рибулозобисфосфаткарбоксилаза) ферменті ауадан неорганикалық көміртекті алып, оны өсімдік тінді түзу үшін пайдаланатын органикалық формаға айналдырады. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінде фотосинтез процесін жақсарту үшін кездесетін кедергілердің бірі – Рубиско көмірқышқыл газына да, оттегіге де реакция танытады; оттегі өз кезегінде улы жанамы өнім тудырып, фотосинтезді баяулатады, осының кесірінен астықтың түсімін азайтады. Осыны ескерген ғалымдар фотосинтез процесі өтетін өсімдік жасушасының органелласынан – хлоропластан табиғи ферментті – карбондық ангидразды алып тастаған еді. Бұл өз кезегінде ангидраздың CO2 мен өсімдік жасушасындағы бикарбонаттың тепе-теңдігін CO2 мен суды бикарбонатқа айналдыратын немесе осыған керісінше әрекеттегі реакцияны катализдей отырып, қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінде цианобактериядан көміртектің шоғырлану (концентрация) тетігі жұмыс істеуі үшін жүйедегі бикарбонат тепе-теңдіктен бірнеше есе асуы тиіс деңгейге жетуі керек. Ғалымдар өсімдікті оттегі құрамы жоғары камераға орналастырғанда, өсімдік өсуін бірнеше есеге жақсартқан болатын.

Ұқсас материалдар:

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0); 

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат