Өсімдіктен сүт алынды
Өсімдіктен сүт алынды
3 жыл бұрын 2822 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде сиыр сүтінің орнына соя мен кокостан дайындалған өсімдік сүті кеңінен қолданылып келеді. Жануардың табиғи сүтіне қарағанда дәмі де, құрылымы да айтарлықтай айрықшаланатындықтан бұл олқылықты жою бағытында ізденіс үстінде жүрген Impossible Foods компаниясы зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін қосымша 700 млн доллар қаражат бөлуді сұрап отыр. Аталмыш компанияның бас директоры Пэт Браун осы төңіректе өткен арнайы баспасөз жиынында табиғи сиыр сүті мен өсімдік майы арасындағы айырмашылықты жою үшін бұл бағыттағы зерттеуді одан ары жалғастыратынын айта келіп, тұтынушылар дәмі мен құрылымын айыра алмайтын деңгейге жеткізуді алдына мақсат етіп қойғанын мәлімдеді. Мысал ретінде Impossible Foods компаниясы өсімдік негізінде әзірлеген сүтті кофеге қосып көрсетті. Осы уақытқа дейін белгілі соя мен кокос сүті ыстық сұйықтықпен араласпайда, тұнба ретінде ыдыстың түбіне шөгіп қалатын. Ал Impossible Foods прототипін табиғи сүт секілді ыстық кофеге қатуға болады.

0 пікір
Мұрағат