Қарбалас өмірден қашатындар қарасы артып келеді
Қарбалас өмірден қашатындар қарасы артып келеді
3 жыл бұрын 2544 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасынан жарық көрген «Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0) атты материалымызда күншығыс елінің өз-өзіне қол жұмсайтындар қарасы бойынша көш бастап тұрғанын және бұл жат құбылысты бүгінгі жапон қоғамындағы технологиялық прогреске ілесу, өмірдегі өз орнын табу, т.б. әлеуметтік-экономикалық себептер мен адами, ұлттық факторларға байланысты түсіндіруге тырысқанбыз. Жапония ұлттық мәдениеті мен дүниетанымы өзгеше ел. Сонымен бірге, технологиясы мейлінше дамығандықтан оның қарқынына ілесу үшін «мұрнынан қан аққанша» жұмыс істеуіне тура келеді, сол себепті, күншығыс елінде қоғамнан өз орнын тауып, орнығу қиын. Бүгінгі күннің реали жағдайынан, дәлірегі, тығырықтан шығу үшін соңғы жылдары бұл елде айлап, апталап, кейде жылдап ұшты-күйлі, із-түссіз жоғалатындардың қарасы артып келеді. Оны өздері бұл құбылысты "дзухатсу" деп атайды. Оларды полиция да іздеуді артық әуре санайды, тіпті, адамы жоғалған үйге көмектеспейді. 2008-09 жылдары орын алған аталған елдегі дағдарысқа байланысты несие алғандар қарасы күрт артқан болатын. Осыған байланысты банктен бой тасалайтындар көбейді. Осы кезден бастап жапон қоғамында «түнгі көшу» деп аталатын термин қалыптасады – жұмыстан, қарыздың тауқыметінен, т.б. пробеламалардан қажығандар, тіпті, туған-туыстарына да айтпай із-түссіз, хабар-ошарсыз жоғалады. «Дзузатсу» дегеніміз – осы.  Бұл елде адамның жеке өміріне қол сұғуға заң жүзінде қатаң тыйым салынғандықтан полиция да індете іздемейді. Тіпті, бой тасалаған адам шоттағы ақшасын қай жерден қолма-қол қаражатқа айналдырғанын біліп тұрса да туыстарына хабарлмайды. Тіпті, ондай адамдардың жасырынуына көмектесетін, дәлірегі, уақытша бөлме мен аса қажетті керек-жарағын тауып беретін ұйымдар да пайда болған.

0 пікір
Мұрағат