Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды
Өлімге апаратын аса қауіпті супербактерияның пайда болу себебі анықталды
4 жыл бұрын 5144 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Карнеги-Меллона университетінің ғалымдары бактериялардың белгілі бір түрлерінің антибиотиктердің ұзақ уақытқа созылған әсерінен өз пішінін өзгерте отырып, төзімділігін арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмаш зерттеу материалы жарияланған Nature Physics мерзімді басылымы мен Phys.org ақпарат көзінің пресс-релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында Caulobacter crescentus деп аталатын бактерияның жасушаларын жойып жібермейтіндей мөлшерде хлорамфеникол антибиотигінің әсеріне ұшыратады. Бірнеше ұрпақтан кейін аталмыш микроорганизм өз пішінін өзгерткен – осылайша улы затқа бейімделу процесі жүрген. Нәтижесінде бактерия үлкейіп, мейлінше қисайыңқы пішінге енген. Бұл өз кезегінде мембрананың беткі жағының жасуша көлеміне қатынасын төмендеткен. Осылайша антибиотиктің тек аз ғана молекуласы қабықшадан өте алған. Мамандардың пайымдауынша, 2050 жылға қарай супербактерияның дәрі-дәрмекке бой бермеуінің салдарынан жылына 10 млн адам опат болмақ. Бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыру себептерінің біріне бактерияға қарсы дәрі-дәрмектің шектен тыс мөлшерде немесе жеткілікті мөлшерден кем тағайындалуы жатады.Соның ішінде науқастың антибиотикпен емдеудің толық курсынан өтпеуі де өз әсерін тигізіп отыр.

Ұқсас материалдар:

«Бактериофаг аса қауіпті супербактерияны жоя алатын болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriofag-asa-qauipti-superbakteriyany-joya-alatyn-bolyp-shyqty-14723/#gsc.tab=0);

«Бактериялар біз ойлағаннан да әлдеқайда төзімділігін шапшаң қалыптастыруда» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalar-biz-oilagannan-da-aldeqaida-tozimdiligin-shapshan-qalyptastyruda-14722/#gsc.tab=0);

«Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyanyn-antibiotikke-tozimdiliginin-tagy-bir-syry-ashyldy-13275/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат