Neuralink бәсекелесі имплантанттың көмегімен зағиптердің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
Neuralink бәсекелесі имплантанттың көмегімен зағиптердің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
15 күн бұрын 586 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Neuralink компаниясының негізін қалаушылардың бірі құрған биотехнологиялық стартап - Science Corporation пациенттерге өз көру қабілетін қалпына келтіруге көмектесетін ми-компьютер интерфейсі технологиясында зор жетістікке қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алдын ала жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында соқыр деп ресми танылған пациенттер «Science Corporation» компаниясы әзірлеген ретиналды имплантантқа ие болды. Чип зағиптердің көру қабілетін қалпына келтірді, оларға кітап оқуға және адамдарды тануға көмектескен. Бұрын әлемге әйгілі Илон Масктың Neuralink компаниясының президенті қызметін атқарған Макс Ходак өзі құрған стартаптың зағиптерге көруге мүмкіндік берген тарихтағы алғашқы қадам екенін мәлімдеді. Prima деп аталатын аспап — көз торшаның астына хирургиялық жолмен кіріктірілетін шағын фотоэлектрлік микросхема. Ол имплантталған құрылғыға жарық сигналдарын жіберетін, торшаны ынталандыруға мүмкіндік беретін кіріктірілген камерасы бар арнайы жұп көзілдірікпен біріктіріледі. Осы орайда өткен айда Илон Маск пен оның Neuralink компаниясының туабітті соқыр адамдарға көруге мүмкіндік беретін, Blindsight деп аталатын имплант жасағандарын жаһанға жар салып жариялағанын айта кетпекпіз.

https://youtu.be/QP1cP8aftmc

0 пікір
Мұрағат