Жасанды зерденің қоршаған ортаға тигізер зияны айтылды
Жасанды зерденің қоршаған ортаға тигізер зияны айтылды
15 күн бұрын 477 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғылым академиясының қалалық орта институты мен Израилдегі Рейхман университетінің қалалық экологтары жүргізген зерттеу генераторлық жасанды зердемен (ИСК) байланысты технологиялардың тұрақтылығына күмән келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Tech Xplore ақпарат көзі мен Nature Computational Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай технологияның бұл түрі миллиондаған тонна электронды қалдықтардың пайда болуына ықпал етіп, қоршаған ортаның одан ары ластануына әрі адамзат пен тіршілік иелерінің денсаулығына залалын тигізуіне себеп болмақ. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес генераторлық АІ (жасанды зерде) қолдану аналық тақтайшалар мен аккумуляторлар сияқты электронды компоненттердің едәуір көлемін қажет етеді. Бұл компоненттер технологияны жаңартудың жоғары деңгейіне байланысты тез ескіреді. Осы орталықтардың қажеттілігін және жабдықтың қызмет ету мерзімін ескере отырып, ғалымдар қалдықтардың әлеуетті көлемін болжау үшін компьютерлік моделін жасап көрген екен. Моделдеу нәтижесі АІ өндірісінің қазіргі даму қарқыны сақталса, электронды қалдықтардың көлемі 2023 жылы 2,6 мың тоннадан 2030 жылға қарай жылына 2,5 млн. тоннаға дейін өсуі мүмкін екенін көрсетті, яғни, осы он жылдың соңына таман электронды қалдықтардың жалпы көлемі 1,2-ден 5 млн. тоннаға дейін артуы мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат