Микропластик улы заттарды сіңіретін зат тәрізді
Микропластик улы заттарды сіңіретін зат тәрізді
39 минут бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Судағы микропластик бір қарағанда зияны жоқ қоқыс болып көрінуі  үмкін, алайда, ол улы заттарды сіңіріп алатындықтан қоршаған орта мен тіршілік иелеріне қауіп төндіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Microplastics 2026 мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Полистиролдың ескі бөлшектері улы заттарды сіңіріп, жасушаларға жеткізеді. Осылайша жасушалар қызметіне нұқсан келтіреді. Новгород мемлекеттік университетінің микропластик проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері микропластиктың суда жүзіп қана қоймай, улы заттарға арналған «губка» ретінде жұмыс істейтінін дәлелдеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар полистиролдың «ескірген» бөлшектері судан қауіпті заттарды көп мөлшерде сіңіре алатынын анықтады. Бұл бөлшектер жасушалар үшін қауіпсіз, алайда, олар органикалық ластаушылармен қаныққан болса, жасушалардың өміршеңдігі күрт төмендейді. Тәжірибе кезінде «ескі» полистиролдың екі типті моделдік бөлшектерін жасады. Біріншісі - бұрыс формадағы бөлшектер, ескі пластикті елестетіп, микронды мөлшерге дейін қираған. Екіншісі - ультракүлгін әсерінен қоршаған ортада пайда болатын сульфогруппалар жоғары шоғырланған бөлшектер. Мұндай топтар ағын судан немесе су қоймаларынан басқа молекулаларды тарта отырып, магнит сияқты жұмыс істейді. “Біз полистиролдың әртүрлі бөлшектері катионды бояғышты қаншалықты жақсы сіңіретінін салыстырып көрдік. Кәдімгі табиғи бөлшектер оны ұстап тұра алмайды. Ал «қартайған» полистиролды шағын бөлшектер өте жоғары концентрациядағы зиянды заттарды сіңіріп, күшті губка сияқты жұмыс істейді”, деп мәлімдеді Наталья Шевченко есімді аталған жоғарғы оу орнының  микропластикті талдау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Келесі кезеңдемұндай микропластиктің әсерін тірі жасушаларда тексеріп көрген екен. Шағын бөлшектер жасушаларды өздігінен өлтірмейді. Алайда, оларға органикалық ластағыштарды (мысалы, бояғыш молекулаларын) қоссақ, жасушалардың өміршеңдігі күрт төмендейді. Бұл тәжірибе микропластиктің улы заттарды «тасымалдаушы көлікке» айналатынын дәлелдейді. Бұл жаңалық өз кезегінде экология мен медицина үшін маңызды: микропластиктің улы заттарды қалай жинақтайтынын түсіну өз кезегінде суды тазартуға арналған неғұрлым тиімді сүзгілерді жасауға көмектеседі. Бұдан басқа, мұндай зерттеу дәрілерді организмнің тиісті жеріне жеткізудің жаңа жүйелерін - «курьерлік қызметті» әзірлеуге жол ашады

0 пікір
Мұрағат