Пластикті ұшақ отынына айналдырудың жолы табылды
Пластикті ұшақ отынына айналдырудың жолы табылды
37 минут бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нанкин орман техникалық университеті (Жапония) мен Цинхуа жоғарғы оқу орнының (Қытай) ғалымдары пластикалық қалдықтарды өзгеше әдіспен өңдей отырып, отынға айналдырудың жаңа және өте тиімді тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techxplore.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай технология қоқыстың жинақталған қоры есебінен орасан зор ресурстық база қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияның басты артықшылықтары - төмен баға, жоғары тиімділік, сондай-ақ, алдыңғы балама түрлеріне қарағанда неғұрлым төмен температура мен қысым кезіндег жұмыс істейді. Осыған сәйкес энергияны неғұрлым аз тұтынады. Бұл процесс пластиктің  полимерлік тізбектер қысқа көмірсутекті фрагменттерге бөлінуі үшін 460 °C температурада қыздырылатын пиролизден басталады. Келесі кезеңде арнайы катализаторларды пайдалана отырып, 160 °C-те гидрогенизация жүргізіледі. Ғалымдар CoAl оксидіндегі оқшауланған рутений орталықтарын (Ru) анықтады. Олар атмосфераға жақын қысымда этилциклогексанға дейін стиролді (Стирол - негізінен полимерлер мен синтетикалық каучуктарды өндіру үшін пайдаланылатын, өзіне тән иісі бар түссіз улы сұйықтық) гидриялауға мүмкіндік береді. Әдетте пластикті балқыту кезінде газдардың, балауыздың, майлар мен күйенің хаотикалық қоспасы пайда болады - жаңа әдіс осыны болдырмауға мүмкіндік береді. Негізгі шикізат - полистирол (бір жолғы пайдаланылатын ыдыстар мен қаптамалар). Қоқыстың көп бөлігін құрайтындықтан қоршаған ортаны ең көп ластайтын зат. Ол қыздырғанда немесе өртелгенде ыдырайды.

0 пікір
Мұрағат