Күйзелісті де бактериямен емдеуге көшті. Күйзеліске бастайтын бактерия табылды
Күйзелісті де бактериямен емдеуге көшті. Күйзеліске бастайтын бактерия табылды
2 жыл бұрын 1227 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пробиотикалық тәжірибе «жақсы бактериялардың» депрессияны емдеуге көмектесетінін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта таяуда арнайы жүргізілген, күйзеліске бой алдырған 47 адам қатысқан зерттеу оңды нәтиже көрсеткен. Дәлірегі, антидепрессанттарға қосымша пробиотикалық қоспаларды қабылдаған зерттеуге қатысушылар 31 күн ішінде плацебо қабылдағандарға қарағанда депрессиялық белгілерінің жақсарғанын көрсетті. Зерттеушілер, сонымен қатар, пробиотиктерді қабылдағандардың ішек флорасындағы өзгерістерді байқады: сүт қышқылын шығаратын бактериялар көбейген. Алайда, төрт аптадан кейін бақылау осы уақыт ішінде бұл бактериялардың деңгейі қайтадан төмендегенін көрсетті. Бұдан бөлек, пробиотиктерді қабылдағандардың ми қызметі де жақсарған. Мұның себептері мен тетіктері әлі беймәлім. Пробиотиктердің денсаулыққа тигізетін пайдасы анық емес және олардың пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін екенін анықтау үшін зерттеулер жалғасуда. Дегенмен, ғалымдар пробиотиктердің антидепрессанттарсыз өздігінен емделмейтінін және тірі бактериялардың белгілі бір түрлерінің көптеген адамдарға әсерін зерттеу үшін қосымша зерттеулер қажет болатынын атап өтті.

Күйзеліске бастайтын бактерия табылды

Уайлл Корнелл медициналық колледжінің (АҚШ) ғалымдары депрессияның дамуына психологиялық факторлар ғана емес, сонымен қатар, физиологиялық себептері де болуы мүмкін екендігі туралы жаңа дәлелдер келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы ktk.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка Құрама Штаттарының Корнелл медициналық колледжінің мамандары күйзелістің басталуын Bacteroides тобындағы бактериялармен байланыстырады. Сарапшылар осы психикалық ауытқудан зардап шегетін адамдарда бұл микроорганизмдердің белсенділігінің төмендегенін байқаған. Bacteroides микробы, ғалымдар атап өткендей, ішек микрофлорасының ең көп таралған түрлерінің бірі. Бактериялар өздерінің белсенділігіне байланысты ақуыздар мен қышқылдарды өңдейді, көмірсулардың ашуына ықпал етеді. Сонымен қатар, микроорганизмдер нейротрансмиттер GABA (гамма-аминобутир қышқылы) шығарады. Америкалық сарапшылар бұл қосылысты күйзелістің дамуымен байланыстырады. Миды тыныштандыратын және оны гиперстимуляциядан қорғайтын GABA көлемінің бұзылуынан адам мазасыздықты бастан кешіреді, ұйқысы қашады. Қорғаныш нейротрансмиттерінің төмен деңгейі депрессияның даму қаупін көрсетеді. Бұл тарапта тышқандарға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, гамма-аминобутир қышқылының концентрациясының жоғарылауына байланысты психикалық аутытқу белгілері төмендейді. Бұл жаңалық, дәлірегі, Bacteroides бактериялары мен аталған ауру арасындағы байланыс тетігінің осы қауіпті дертті емдеудің тиімді әдістерін табуға көмектесетінін алға тартады ғалымдар. 

Ұқсас материалдар:

«Күйзеліс (депрессия) иммундық жасушалардың өзіндік ерекшелігін өзгертеді. Күйзеліс қабынуды тудырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelis-depressiya-immundyq-jasushalardyn-ozindik-ereksheligin-ozgertedi-kuizelis-qabynudy-tudyrady-16984/#gsc.tab=0);

«Депрессия дерті жұқпалы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/depressiya-derti-juqpaly-bolyp-shyqty-13869/#gsc.tab=0);

«Баласын емізген әйел күйзеліске бой алдырмайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/balasyn-emizgen-aiel-kuizeliske-boi-aldyrmaidy-15959/#gsc.tab=0);

«Күйзеліске түсу аллергияға шалдықтырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizeliske-tusu-allergiyaga-shaldyqtyrady-3724/#gsc.tab=0)

«Күйзелістің (депрессия) ажалды жақындататын қатері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelistin-depressiya-ajaldy-jaqyndatatyn-qateri-belgili-boldy-15097/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 1" (https://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2" (https://islam.kz/kk/news/alem/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-2-11542/#gsc.tab=0);

"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат