Күйзеліс (депрессия) иммундық жасушалардың өзіндік ерекшелігін өзгертеді. Күйзеліс қабынуды тудырады
Күйзеліс (депрессия) иммундық жасушалардың өзіндік ерекшелігін өзгертеді. Күйзеліс қабынуды тудырады
2 жыл бұрын 2398 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күйзеліс белгілері көңіл күйдің болмауымен, айналада болып жатқан оқиғаларға салғырт қараумен, психикалық ауытқумен, қалжыраумен, т.б. шектеліп қалмайды. Күйзеліс нақты физиологиялық зардаптары бар дерт ретінде танылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Translational Psychiatry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күйзеліске бой алдырған адам организімінде қабыну орын алады немесе науқастың организімінен глюкокортикоидті (Табиғи глюкокортикоидтар - бұл адам ағзасы шығаратын күшті қабынуға қарсы әсері бар стероидты гормондар. Табиғи глюкокортикоидтар бүйрек үсті безінің қыртысында өндіріледі - santoryo.net дере көзінен) көптеп бөледі. Күйзелістің физиологиялық көріністерін зерттеген Дрезден техникалық униерситетінің, Цюрих жоғарғы оқу орнының (Швейцария) және Макс Планк қауымдастығы институтының (Германия) ғалымдары қан жасушаларында орын алатын өзгерістер мен осы дерттің арасындағы байланысты алғаш рет анықтады. Бұл тараптағы зерттеуге күйзеліске бой алдырған 69 науқас пен дені сау 70 адам қатысты. Ғалымдар оларың қанына морфологиялық және реологиялық (деформациямен (деформация – өзгеру) және қанның сұйықтық деңгейімен байлансты) сипаттарын сараптамадан өткізді. Олар нақты уақыт аралығында деформацияланатын цитометрияның көмегімен қан жасушаларының 16 миллионнан астам бейнесін алды. Бұл технология қан үлгісіндегі жекелеген жасушалардың қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Содан кейін ғалымдар жасушаларды негізгі түрлерге бөлу, сондай-ақ, өлшем және деформациялану сияқты әртүрлі параметрлерді бағалау үшін жасанды зерде алгоритмін қолданып көрді. Депрессия дертіне шалдыққандардың қан жасушалары дені сау адамдікіне қарағанда деформацияға көбірек ұшыраған, яғни, сыртқы факторлардың әсерінен өз пішінін оңай өзгертетін болып шықты. Ал жасуша көлемі ссау адамдікінен көп ерекшеленбеген. Ес білгелі депрессиялық ауытқудан зардап шеккен адамдардың туа біткен иммундық жасушаларына - моноциттер мен нейтрофилдеріне - деформацияланудың деңгейі тән болды, ал зерттеу кезінде депрессияға ұшыраған науқастарда лимфоциттер мен эритроциттер деформацияға мейлінше бейім болаатыны анықталды. Осылайша, басқа физиологиялық өзгерістерден өзге депрессия қан жасушаларының, әсіресе, иммундық жасушалардың деформациялануын тудыратыны  белгілі болды. Бұл механикалық өзгерістер жасушаның қызметіне кері әсер етіп, созылмалы қабынудың дамуына әкелетін иммундық реакция тудыруы мүмкін. Аталмыш тетіктің анықталуы өз кезегінде деформацияға ұшыраған жасушалар қызметін қалпына келтіруге көмектесетін емнің жаңа түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ғалымдар депрессия дертінен науқасты емдеу үшін тек психологиялық аспектілерге ғана емес, сонымен қатар, физиологиялық параметрлерді де ескеру керектігін алға тартып отыр.

Күйзеліс қабынуды тудырады

Ұлыбритания ғалымдары 86 мың адам қатысқан зерттеу барысында депрессия дертінің адам организімінде қабыну процесіне қалай әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы атамыш зерттеу материалы жарияланған American Journal of Psychiatry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары күйзелістің адамның денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретіні жан-жақты зерттеле бастады. Күйзеліс психологиялық ауытқу саналғанымен оның физиологиялық салдары болатыны анықталып отыр. Күйзеліс адамның қартаю процесін тездетіп, өлу қатерін арттырады. Бұл арада суицид турасында сөз болып отырған жоқ. Нақты физиологиялық зардабы жөнінде айтылып тұр. Ағылшын ғалымдары қолға алған UK Biobank жобасы аясында зерттеуге қатысқан 85 859 адамның қан мен ДНҚ-сы сараптамадан өткізілді. Бұдан бөлек, олардың дене салмағы, жасы мен жынысы, жат әдеттерге үйірлігі, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі, яғни, жағдайы, жарақатының бар-жоғы, т.б. факторлар ескерілді. Қабыну – организмнің қандай да бір ауытқуға қарсы жауабы (реакциясы): бұл қабынудың өзіндік биомаркері болады, оны қан сараптамасынан аныққтауға болады - С-реактивті ақуыз. Міне, осы ақуыздың концентрациясы зерттеуге қатысқандардың 31 пайызынан табылған. Осылайша қабыну мен күйзелістің арасында байлланыс бары белгілі болып отыр. Ал күйзеліс пен қабыну арасындағы байланысты не қатмасыз етеді немес дәнекер болады? Ненің есебінен мұндай байланыс бар? Ғалымдардың пайымдауынша, күйзеліске бой алдырған адам жиі шылым шегеді өз-өзін жұбату үшін немесе артық тамақтанады, артық салмақ жинайды, т.б. Мұндай әдеттер денсаулыққа сөзсіз өз әсерін тигізеді, яғни, қабыну тудырды. Қорытындысы: С-реактивті ақуыз концентрациясының қан құрамындағы жоғары деңгейі – күйзелістің билмаркері ретінде алға шығады.

Ұқсас материалдар:

«Депрессия дерті жұқпалы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/depressiya-derti-juqpaly-bolyp-shyqty-13869/#gsc.tab=0);

«Баласын емізген әйел күйзеліске бой алдырмайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/balasyn-emizgen-aiel-kuizeliske-boi-aldyrmaidy-15959/#gsc.tab=0);

«Күйзеліске түсу аллергияға шалдықтырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizeliske-tusu-allergiyaga-shaldyqtyrady-3724/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат