Кремнилік жартылай өткізгіштерін алмастыратын германи мен қалайыдан транзистор жасалды
Кремнилік жартылай өткізгіштерін алмастыратын германи мен қалайыдан транзистор жасалды
2 жыл бұрын 1105 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Германи мен қалайыдан жасалған транзистордың электронды микроскоптағы суреттері: құрылымы компьютерлік процессорлардың соңғы буынында қолданылатын үш өлшемді нано сымның геометриясына сәйкес келеді. Кескін: Forschungszentrum Jülich

Неміс инженерлері кремнилік құрылғыларды кең ауқымда шығару жолындағы  кедергіні еңсеру үшін заманауи чип өндірісімен үйлесетін германи-қалайы қорытпасынан транзистор жасады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Юлих зерттеу орталығының ғалымдарының бұл материалында кремниден немесе германиден жасалған өзге материалдарға қарағанда заряд тасымалдаушысы әлдеқайда жылдам жылжиды, бұл жайт өз кезегінде төменгі кернеуде құрылғының тиімді жүмыс істеуіне мүмкіндік береді. Аталмыш технологияны қуаты аз болғанымен өнімділігі жоғары чиптер үшін пайдалануды ұйғарып отыр. Күллі әлем ғалымдары көптен бері жартылай өткізгіш өнеркәсібінде пайдаланылатын негізгі материалды – кремниді алмастыра алатын материал іздеп жүр. Неміс ғалымдарының материалы осы ізденістің бір парағы болатын. Дәлірегі, неміс ғалымдары материалдың электронды қасиеттерін одан әрі оңтайландырудың жолын тапты. Бұл үшін олар германидің кристалдық торына қалайы атомдарын енгізіп көрген еді. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі осы қорытпадан жасалған транзисторда таза германиден жасалған ұқсас құрылғыға қарағанда электрондар қозғалысы 2,5 есе жоғары болатынын көрсетіп берді. Жаңа материал қорытпасының тағы бір артықшылығы - оның қолданыстағы CMOS чиптерін жасау процесімен үйлесімділігінде. Германи мен қалайы элементтері кремни сияқты периодтық кестеде бір негізгі топқа жатады. Сондықтан, бұл қорытпадан шыққан транзисторларды қолданыстағы өндірістік желілердегі кәдімгі кремни микросұлбаларымен біріктіруге болады, дейді инженерлер. Кремни микроэлектроникасының мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оны қолдану деңгейі өз шегіне жақындап келеді: чиптегі транзисторлардың саны шамамен екі жыл сайын екі есе өсті, ал одан әрі масштабтау (кең ауқымда өндіру) физикалық мүмкіндіктеріне байланысты шектеледі. Заряд тасушылар жылдамырақ қозғалатын баламалы жартылай өткізгіш бірдей қасиеттері бар үлкенірек құрылғыларды жасауға мүмкіндік береді. Егер өндіріс технологиясы сәтті кеңейтілсе, германи-қалайы транзисторы осындай балама бола алады.

Ұқсас материалдар:

«Төтенше температура мен қысымды қажет етпейтін өткізгіш жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/totenshe-temperatura-men-qysymdy-qajet-etpeitin-otkizgish-jasaldy-18517/#gsc.tab=0);

«Қалыңдығы бір атомдай болатын «мінсіз жартылай өткізгіш» жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qalyndygy-bir-atomdai-bolatyn-minsiz-jartylai-otkizgish-jasaldy-18082/#gsc.tab=0);

«Арзан және икемді жартылай өткізгіштерді жаппай өндіру әдісі әзірленді» (https://islam.kz/kk/news/alem/arzan-jane-ikemdi-jartylai-otkizgishterdi-jappai-ondiru-adisi-azirlendi-17787/#gsc.tab=0);

«Жаңа буынды фотоникалық чиптері» үшін өнімділігі жоғары толқын жетектері жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyndy-fotonikalyq-chipteri-ushin-onimdiligi-jogary-tolqyn-jetekteri-jasaldy-17318/#gsc.tab=0);

«Судан жартылай өткізгіштерге қарағанда жылдам жұмыс істейтін ультра жылдам транзистор жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudan-jartylai-otkizgishterge-qaraganda-jyldam-jumys-isteitin-ultra-jyldam-tranzistor-jasaldy-17875/#gsc.tab=0);

«Бөгде біреу бұзып кірмек болғанда ақпаратты өздігінен жоятын чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bogde-bireu-buzyp-kirmek-bolganda-aqparatty-ozdiginen-joyatyn-chip-jasaldy-video-14177/#gsc.tab=0);

«Босенсорларға арналған транзисторларды ағаштан құрастырды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biosensorlarga-arnalgan-tranzistorlardy-agashtan-qurastyrdy-18518/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат