Биосенсорларға арналған транзисторларды ағаштан құрастырды
Биосенсорларға арналған транзисторларды ағаштан құрастырды
1 жыл бұрын 761 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер жұмыс транзисторларын өңделген ағаштан жасауға болатындығын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Линкопинг университеті мен Королдік технология институтының (Швеция) ғалымдары арнайы полимерлермен өңделген ағаштан транзистор жасап шығарды. Аталмыш технология ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы үшін тірі өсімдіктер мен ағаштарға кіріктіруге болатын сенсорларды жасауға пайдаланылады. Ағаш табиғатынан оқшаулаушы, яғни, ток өткізбейтін қасиетке ие болғанымен батареяларда, суперконденсаторларда және өзге де электрлі жүйелерде ток өткізетіндей етіп түрлендірілген еді. Таяудағы зерттеуге швед ғалымдары ағаштан электрлі транзистор әзірлеуге ден қойған болатын. Ғалымдар электр өткізгіш полимерлермен модификацияланған тығын ағашын, органикалық полимерлерден тұратын электр өткізгіш материалдарды пайдаланды. Мұны істеу үшін олар суды тасымалдайтын және ағашқа механикалық қолдау мен кернеуге төзімділікті қамтамасыз ететін лигнинді кетіретін химиялық ерітіндіге ағашты орналастырды. Лигниннің жойылуымен ағаштың жасуша қабырғаларының кеуектілігі артады. Зерттеушілер өңделген материалдарды электр өткізгіш полимері бар сұйық ерітіндіге салды. Транзисторларды жасау үшін инженерлер өңделген ағаштың үш тақтасын пайдаланды. Олардың екеуі бақылау электродтары ретінде бір-бірінің үстіне қойылды. Үшіншісі олардың арасына перпендикуляр орналастырылды - ол қуат көзі мен ток ағыны арасындағы арна ретінде қызмет етті. Ғалымдар иондар мен электрондардың қозғалысын сақтау үшін арнадағы қуыстарды электролиттік гелмен толтырды. Нәтижесінде айшық тәрізді транзистор пайда болды. Ғалымдар өздерінің құрылғысын сынап көрді. Олар 2,5 В ток қолданды және оның токты басқара алатынын көрсетті. Құрылғының жылдамдығы кремнилік ұқсас түрлеріне қарағанда айтарлықтай баяу болса да биотранзисторларды жасаудың мүмкіндігі бар екенін көрсетіп берді.

Van Chinh Tran et al., PNAS

0 пікір
Мұрағат