Бөгде біреу бұзып кірмек болғанда ақпаратты өздігінен жоятын чип жасалды (видео)
Бөгде біреу бұзып кірмек болғанда ақпаратты өздігінен жоятын чип жасалды (видео)
4 жыл бұрын 3755 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мичиган университетінің ғалымдары электрониканың жасанды нұсқаларын жасауға тосқауыл қоюға мүмкіндік беретін әрі қаскүнем бөгде біреулерге қолды болмасы үшін ішіндегі ақпаратты жоя алатын чип жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Advanced Optical Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Деректерді өздігінен жоятын чиптерде жаңа материал пайдаланылды – жарық сәулесіне қарай түсін өзгерте отырып, уақытша энергия жинай алады. Ондағы ақпараттар санаулы күнде ішінде жойылады. Бұдан бөлек, чиптегі ақпаратты көгілдір түстің жарқылының көмегімен тазартуға болады. 

Мичиган университетінің электротехника және информатика кафедрасының доценті Параг Деотардың түсіндіруінше, құрылғы ішіндегі чипте басылған, өз-өзін жоюшы шртих-код арқылы иесі механизмнің ашылғанынан хабар ала алады. Дәлірегі, құпия жолмен тың тыңдайтын құрылғы орнатылғанынан хабар ала алады. Я болмаса штрих-кодтың интегралды микросхемаға жазылып, орналастырылғанын да білуге мүмкіндік бермек. Бұл оның тасымалдау кезінде ашылмағанын немесе басқасына ауыстырылмағанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Өздігінен тазартылатын чип ультракүлгін сәулеге жауап ретінде жиырылатын молекула типі – азобензол негізіндегі молекуланың жұқа пленкасының бетіндегі үш атомды қалыңдықтағы жартылай өткізгіш қыртысынан жасалған. Жатық тілмен айтқанда, Өздігінен жойылатын чиптер ультракүлгін сәулеге жауап ретінде кішірейетін молекулалар типі - жұмыртқа негізіндегі молекулалардың жұқа қабығының үстіндегі үш атом қалыңдығы бар жартылай өткізгіш қабатынан құрылады. Олар өз кезегінде жартылай өткізгішті өзіне тартып, оны сәл ұзын толқын ұзындығында жарық шығаруға мәжбүр етеді. Керілген азобензол табиғи жолмен шамамен жеті күн бойы қараңғыда (жарық пен жылу әсері азайтатын мезгіл) запас энергияны жоғалтады. Чипте жазылғандардың барлығы, мейлі ол аутентификациның штрих-коды болсын, мейлі ол құпия хабарлама болсын, жоғалатын болады. Ал чиптегі ақпараттарды тез жойғыңыз келсе, жоғарыда айтып өткен тәсілмен көгілдір жарықты пайдалануыңызға болады. Чипті тазартқаннан кейін оған жаңа штрих-код немесе жаңа хабарлама жаза аласыз. 

0 пікір
Мұрағат