Көзге көрінбейтін сым: электр ауада ультрадыбыспен беріледі (видео)
|

Электр қуаты дәнекерлеу, электрониканы қоректендіру, микробтарды жою немесе кейбір автокөлік қозғалтқыштарында отынды тұтану үшін пайдаланылады. Алайда, электрді ашық кеңістікте бақылау қиын: хаотикалық (жүйесіз) түрде таралады және жақын маңдағы металл заттарға бағытталған тармақтарға бөлініп кетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ауадағы электр ағынын немесе плазмасын ультрдыбыс толқындары арқылы басқару әдісін ұсынып отыр. Бұл тәсіл, тіпті, электр қуатын жолындағы кедергілерді айналып өтуі және ток өткізбейтін материалдың да нақты бір тұсына тап болуы үшін бағыттауға мүмкіндік береді. «Біз бұл құбылысты бір жылдан аса уақыт бұрын байқадық, содан кейін оны бақылауға алу үшін айлар, одан да көп уақыт қажет болды», - деп мойындады Испаниядағы Науарр халық университетінің докторы Асиер Марсо. Кеңістікте электр тогын басқару қағидаты өте қарапайым. Ұшқын ауаны қыздырады, ауа өз кезегінде кеңейеді және разряд сол кеңйген жерге ұмтылады, өйткені, ауада сейілген газдың ауаны кеңейту кернеуі аз. Ал ультрадыбыс, өз кезегінде, ыстық ауаның аумағын қайта бөлуі мүмкін.Хелсинкі университетінің Ари Салми есімді профессорының айтуынша, ұшқынды басқару тәсілі өз кезегінде атмосфераны зерттеуде, биологиялық процедураларда, т.б. салаларда қолдануға болады. Қазіргі уақытта ұшқынды басқару үшін қауіпті лазерлерді қолдануды және оларды разрядпен дәл синхрондауды талап ететін лазерлік-индукцияланған разрядтар технологиясы - электролазерлер пайдаланылады. Жаңа әдістеме қатері жоғары оазерлі технологияны көзге және теріге қауіпсіз ультрадыбыспен ауыстырады. Жабдық ықшам, бағасы арзан және үздіксіз жұмыс істей алады




