Биткоин өндірісі Бутанға мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік берді
|

Қоршаған ортаны қорғау саласы мен қаржы инновациясын біріктіру арқылы Бутан 10 мыңнан аса биткоин жинады. Бұл цифрлы активті ақшаға шаққанда 1 млрд долларға жуық қаржыны құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы happycoin.club ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған шағын ел биткоин криптовалютасын 2019 жылы гидроэлектр стансасын (яғни, су энергиясы) пайдаланып өндіруді бастады. Осының көмегімен Гималай патшалығы, яғни, Бутан өзінің 6102 биткоинімен Салвадордан асып, әлемдегі ең ірі мемлекеттік криптовалюта иелерінің біріне айналды. Бутанның биткоин қоры елдің өзекті проблемаларын шешуге жұмсалады. 2023 жылдың маусым айында Бутан валюталық резерв 689 млн доллаарға дейін төмендеген кезде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 50%-ға арттыру үшін72 млн доллар бөлді. Осы цифрлы актив есебінен. Бұдан бөлек, аталған шағын елдің премьер-министрі Тшеринг Тобгай криптовалюта қоры медициналық және экологиялық жобаларды тегін жүзеге асыру үшін әрі ауыл шаруашылығы мен өндірісті қаржыландыру үшін пайдаланылатынын мәлімдеді. Таяуда, яғни, осы жылдың бас кезінде, дәлірегі, қаңтар айында Бутан билігі Биткоин қатарына Ethereum және BNB криптовалюталарын қосу арқылы өзінің цифрлы актив қорларын әртараптандыру саясатына ккөшетінін жариялады. Мемлекет балансында биткоин мөлшері ең көп мемлекет Америка құрама штаттары болғанымен (тәркіленген 198,000 криптовалюта есебінен ұлғайтты қорын), Бутанның қоры жан басына шаққанда америкалықтардан 1200 доллардан асып түседі.




