Көмірді ақуызға айналдыру арқылы азық-түлік тапшылығын еңсеруге болады
Көмірді ақуызға айналдыру арқылы азық-түлік тапшылығын еңсеруге болады
4 ай бұрын 645 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай өздері тұтынатын ақуыздың 80%-ға жуығын кез келген қол жеткізуге болатын түрінде, соның ішінде сояны да шетелден импорттайды. Міне, осыны ескерген қытай ғылым академиясы ақуызды қазбалы шикізаттан, дәлірегі, көмірден өндіруді ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология бұрыннан айтылып келе жатқанымен қытай ғалымдары оны жетілдіріп, өнеркәсіптік деңгейде өндіруге болатындай деңгейге шығарды. Дүние жүзінде өсірілетін өсімдіктердің едәуір бөлігі мал азығы ретінде пайдаланылады, ал мал еті дамыған елдердің тұрғындары үшін ақуыздың нағыз қайнар көзі. Дегенмен, бұл процестің тиімділігі соншалықты жоғары емес: бүгінгі таңда игерілген жердің 29%-ы немесе жердің адамзат қоныстанған немесе игерген аумағының 40%-ы жайылымдық немесе егістік алқаптары алып жатыр. Мал басын көбейту ақуыз тапшылығы мәселесін шешпейді, өйткені, мал шаруашылығын дамытуға жер тапшы. Ал барланған көмір қоры 200 немесе одан да көп  мерзімге жетеді, сондықтан оның бір бөлігін азық-түлікке айналдырудан адамзат ұтпаса, ұтылмайды. Ол үшін көмір метанға айналады, ол Pichia Pastoris ашытқысымен қоректенеді, оның өнімі - бір жасушалы ақуыз. Бұл протеин пайдалы және қоректік заттарға бай әрі мал өсіру үшін азық қоспасы ретінде пайдалануға әбден жарамды. Қытай ғалымдарының еңбегі – метанолдың улы әсеріне төтеп беретін және бастапқы заттың 92%-ын ақуызға айналдыратын ашытқы штаммын жасаған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, өндірушілердің кейбіреуі мыңдаған тонна осындай ақуызды өндірген және қазір өз өнімінің коммерциялық нұсқасын ұсынуға дайындалуда.

Дрожжи Pichia Pastoris

Pichia Pastoris ашытқысы

0 пікір
Мұрағат