Жасанды зердемен жабдықталған бесік арбасы пайда болды (видео)
Жасанды зердемен жабдықталған бесік арбасы пайда болды (видео)
4 ай бұрын 951 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Glüxkind Techn Glüxkind Technologies компаниясы Rosa смарт арбасын жыл сайын Лас-Вегаста өтетін халықаралық тұтынушылық электроника көрмесінде (CES) жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techguide.com.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды зердемен, камералармен, динамиктермен және электр қозғалтқышымен жабдықталған құрылғы ата-аналардың өмірін айтарлықтай жеңілдетуі керек. Мәселен, серуендеген кезде баланы алдарқату немесе ұйықтату үшін саз ойнатылатын жүйемен жабдықталған. Бұған қоса, автоматты түрде тербеу режимі ата-анаға өзі ісімен айналысуына немесе демалуына мүмкіндік береді. Алдыңғы тұтқасында камера бар. Ол арбаны итеруге рұқсаты бар адамды анықтау үшін қолданылады. Егер бейтаныс адам арбаны итеріп, оны баламен немесе баласыз алып кетуге әрекеттенсе, жасанды зерде құрылғының қозғалуына мүмкіндік бермейтін тежегішті іске қосады және арнайы сенсорлар телефондағы құрылғының орнын көрсетеді. Мың естігеннен, бір көрген артық:

 

0 пікір
Мұрағат