|
Көмір отынының тиімділігін 10%-ға арттырудың әдісі табылды
|
Томбы политехникалық университетінің (Ресей Федерациясы) ғалымдары халықаралық ғылыми топтың құрамында сапасы төмен көмірді өңдеудің стандартты процесін жеделдету тәсілін тапты. Бұл технология тұтастай алғанда отынның тиімділігін шамамен 10% -ға арттырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ білім және ғылым министрлігіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағаш үгінділері мен май араласқан қоспа температураны төмендетіп, табиғи термиялық ыдырау процесін 26% -ға дейін жеделдетуге мүмкіндік берген. Мұндай тың тәсіл көмір қоспаларын пиролиздеудің әдеттегі процесін іс жүзінде бірнеше есе жылдамдатуға және сол арқылы осы отынның тиімділігінің интегралдық көрсеткішін таза көмірмен салыстырғанда 4-10% -ға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесінде алынған деректер негізінде аталған топтың ғалымдары отынның 30% -дан аспайтын қателікпен термиялық ыдырау процесін болжайтын эмпирикалық формулаларды алуға қол жеткізген. Сорты төмен немесе жылу шығару қабілеті айтарлықтай төмен сапасыз көмір мөлшері әлемдік қорлардың шамамен 40-45% -ын құрайды. Сондықтан материал сапасын жақсартудың тиімді тәсілдерінің бірі - пиролиз.