Кофені лазер көмегімен бұқтырып көрді. Артақшылығы неде?
Кофені лазер көмегімен бұқтырып көрді. Артақшылығы неде?
2 ай бұрын 548 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңа жүйе бұрынғылармен салыстырғанда кофені 300 есе тез әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Германия ғалымдарды адамзаттың шайдан кейін жиі ішетін сусын түрін әзірлейтін лазер ойлап тапты. Құрылғы кофені 300 есе тез әзірлеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, оның дәмін ашып, хош иісті етеді. Ең танымал кофе қайнату әдістерінің бірі «салқын қайнату» деп аталады. Бұл тәсіл сусынның салқын экстракциясын қамтиды. Ұнтақталған кофе дәндері сумен араласстырылып, тұндырылады. Кофені салқын суға бұқтыруға шамамен 24 сағат кетеді. Ал замануи құрал кофені бұқтыру уақытын 12 ссағатқа дейін қысқартады. Аталмыш әдіс коллоидтарды лазерлік синтездеуге және өңдеуге (laser synthesis and processing of colloids, LSPC) негізделген. Ол әдетте тоқтатылған нанобөлшектердің ерітінділерін жасау үшін қолданылады. Зерттеушілер 532 нанометрге бапталған, неодим қосылған иттрий алюминий гранатын (Nd:YAG) алып, бар болғаны 10 пикосекундқа созылатын 125 пикожул импулсін жасады. Осыдан кейін лазерді кофе ерітіндісінен өткізеді. Олар оны секундына шамамен 80 000 рет сумен араластырылған ұнтақталған кофе ерітіндісінен үш минут бойы өткізіп, температураны бірнеше градустан асырмады. Лазерлік кофе 24 сағат бойы қайнатылған салқын сусынмен және тамшылатып сүзгі арқылы қайнатылған ыстық шыныаяқ кофемен салыстырылды. Лазерлік кофедегі қышқылдық 24 сағат бойы қайнатылған сусынның деңгейімен дерлік бірдей және ыстық кофеге қарағанда айтарлықтай аз болды. Ең хош иісті кофе - дәстүрлі салқын қайнатылған кофе, ал бұл жағынан лазерлік қайнатылған кофе екінші орында тұр. Сонымен қатар, лазерлік кофеде бөгде заттар табылған жоқ

0 пікір
Мұрағат