Тәуліктің жарық мезгілі ұзарып келеді
Тәуліктің жарық мезгілі ұзарып келеді
2 ай бұрын 526 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бірнеше ғасыр бойы жердегі күндізгі уақыттың ұзарып келе жатқанын байқағанымен бұл құбылыстың сырын әлі күнге аша алмай келеді. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атомдық сағаттар дәл астрономиялық өлшемдермен біріктіріліп, Жердегі тәулік ұзақтығының артып келе жатқанын көрсетті. Бұл қазіргі заманғы өмірге қажетті GPS және басқа технологияларға кері әсер етеді. Соңғы бірнеше онжылдықта күннің ұзақтығын анықтайтын Жердің өз осінен айналу қарқыны артты. Осы үрдістің нәтижесінде күндер қысқарып барады; осылайша, 2022 жылдың маусым айында соңғы жарты ғасырдағы ең қысқа күн рекорды орнатылды. Алайда, бұл рекордқа қарамастан 2020 жылдан бастап бұл тұрақты жеделдік баяулаумен алмасты - күндер қайтадан ұзарады және оның себебі жұмбақ күйінде қалады. Бір тәулік теориялық тұрғыдан 24 сағаттан тұратынын білесіз, яғни, жердік күнді бір айналып шығуы үшін осынша уақыт кетеді. Десе де бұл меже ұдайы өзгеріп отырады – тіпті, зілзала мен мұхиттағы дауылдың өзі тәуліктің ырғағына кері әсерін тигізе алады. Дәлірегі, бір күннің, яғни, тәуліктің тұп-тура 86400 секундқа тең келетін кезі сирек. Бұл өзгерістің (күндізгі уақыттың ұзаруы) нақты себебі әлі күнге белгісіз. Бәлкім, бұл өзгеріс климат өзгерісімен, мұздақтардың еруімен немесе жанартаудың жиі оянуымен байланысты шығар, өйткені, атмосфераға орасан зор мөлшерде су еніп кетті ғой.

0 пікір
Мұрағат