Жұқпалы ауруды смартфон арқылы анықтауға болады
Жұқпалы ауруды смартфон арқылы анықтауға болады
1 жыл бұрын 774 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Смартфонға қосылған құрылғы безгекті анықтау үшін жарықты пайдаланады. Сынақ (тест) бар болғаны 10 секундты алады. Бұл жайында islam.kz порталы PNAS Nexus мерзімді басылымына сілтеме жасай  отырып мәлім етеді. Жаңа миниатюралық спектрометр аталған аурудың адам бойында бар-жоғын тексеру үшін қан алу және оны талдау машақатынан құтқарады. Адам құрылғыны белсендіру үшін оның ұшын құлақ қалқасына немесе саусақ ұшына тақап, түймесін басса, жеткілікті. Құрылғы өз кезегінде зиянсыз инфрақызыл сәулені қажетті тіндерге 5-10 секундқа бағыттайды. Австралиядағы Квинсленд университетінің дәрігері Мэгги Лорд басқаратын ғалымдар тобы әзірлеген бұл құрылғыдан адам тініне бағытталатын инфрақызыл сәуле теріден қанға өтеді, ал жарығы оның индикаторы ретінде қызмет етеді. Құрылғы шағылысқан жарық сигнатураны өңдегеннен кейін деректерді смартфонға сымсыз жібереді. Арнайы қосымша пациенттің безгек паразитін жұқтырған-жұқтырмағаны туралы нәтижені нақты уақыт режимінде көрсетеді. Безгек – қауіпті, жұқпалы дерт, ол эритроциттерді зақымдайды, құрылымдық және химиялық өзгерістерді, соның ішінде паразиттерге тән ақуыздарды қалыптастырады. Адамға Anopheles масаларының шағуы арқылы жұғады. Безгектің алдын алуға және емдеуге болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 2020 жылы әлемде безгекпен ауырғандар саны 241 млн. Адамға жеткен. Сол жылы безгектен шамамен 627 000 адам қайтыс болған.

0 пікір
Мұрағат