Адам жасушаларын басқа тіршілік түрлеріне енгізудің этикасы туралы жаңа ереже қабылданды
Адам жасушаларын басқа тіршілік түрлеріне енгізудің этикасы туралы жаңа ереже қабылданды
1 жыл бұрын 1116 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жануарларға адам жасушаларын енгізу арқылы түрлер шекарасын кесіп өту этикасы туралы жаңа есепте этикалық мәселелерді түсіндіретін және осы салаға бақылауды күшейтуге шақыратын ұсыныстар айтылған. Ғылымдағы адамгершілік мәселесі реттелетін аталған есепті Хастингс орталығының Жозефин Жонстон, Карен Машке және Бостон мұражайындағы Өмір туралы ғылым орталығының директоры Инсу Хён әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Hastings Center Report мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Діңгекті жасуша ғылымындағы және гендік редакциялаудағы жетістіктер ғалымдарға оларды жануарларға тәжірибе жасау үшін пайдалануға, химералар мен адам және адам емес жасушалардың қоспасы бар басқа организмдерді жасауға мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулердің пайдасы зор. Мысалы, ғалымдар адам ауруларының жетілдірілген үлгілерін, зерттеуге қажетті ұрық пен эмбриондардың арзан көздерін және трансплантациялау үшін тіндер мен ағзалардың қайнар көздерін жасай алады. Алайда, мұндай зерттеудің адамгершілік жақтарын ескеру керек, яғни, жануарларға тәжірибе жасау барысында адамгершілікке жат әрекеттерден сақтану үшін этикалық есепті әзірледі.

Негізгі тезистері:

  • Мұндай зерттеулерде жануарлардың жай-күйін ескеру маңызды.
  • Химерлік зерттеулерде адам жасушалары ми мен орталық жүйке жүйесіне енгізіліп, сол жерде дамыған кезде қауіптірек болады. Биологтар мұны ескеруі керек.
  • Осындай тәжірибе кезінде жалған ақпараттың алдын алу үшін қоғаммен байланысқа ерекше назар аудару керек, яғни, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Химерлік зерттеуді бақылаумен айналысатын түрлі ұйымдармен, соның ішінде жануарлар құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдармен байланысты орнатудың маңызы зор. Химерлік зерттеу туралы жазатын ғалымдар, журналистер және басқа да сарапшылар барлық этикалық мәселелерді нақты түсіндіретін, көпшілік қолданатын тілді қолдануы керек.
  • Биологиялық тұрғыдан алғанда, химера - генетикалық гетерогенді жасушалардан тұратын ағза.
0 пікір
Мұрағат