Жасанды күннің іске қосылуына он жыл қалды (видео)
Жасанды күннің іске қосылуына он жыл қалды (видео)
3 жыл бұрын 3149 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың жасанды күні – термоядролық электр стансасын жасаудың алғашқы қадамы. Ғалымдардың айтуынша, аталмыш қондырғы Цельсия бойынша 150 млн градусқа дейін ыситын плазманы реактор ішінде ұстауға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдары бұл тараптағы жұмысты он жыл ішінде аяқтауға уәде беріп отыр. Жасанды күн – мейлінше мол энергия өндіретін термоядролық реактор. Оның көмегімен тұтас қаланы, кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады. Конструкцияны China Future Engineering компаниясы жобалап, құрған. Мұның бәрі қайдан бастау ала кеткенін айта кетейік: 2019 жылы Қытайдың ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) халық арасында жасанды күн деген атпен белгілі HL-2M Tokamak қондырғысын жасауға кірісетінін мәлімдеген болатын. Токамак — плазманы магниттің әсерімен ұстайтын тороидалды қондырғы. Оның миссиясы термоядролық синтезді болжанатын шекке дейін бақылауға келетін жағдайды тудыруға негізделген. Дәлірегі, басқарылатын термоядролық синтез арқылы энергияның шексіз көзіне қол жеткізуге саяды. Аталмыш жобаның қазіргі құны 22 млрд еуродан асады, 2030-шы жылдардың бас кезінде (іске қосылатын меррзімінде) құны 65 млрд еуроға дейін жетпек. Токамак қалай жұмыс істейді? Қондырғы ішінде плазма аса жоғары температурада қыздырылады. Қондырғы ішіндегі металл қабырға жүздеген млн темперутаға төзе алмайды, ал аса қуатты электромагнитті алаң бұл кедергіні еңсеруге мүмкіндік береді. Электр тогы бір мезгілде плазманы жылытуды да, вакуумдық ортада тепе -теңдік күйде ұстауды да қамтамасыз ете алады. Жалғыз қиындығы – шектеулі кеңістікте реакцияны ұзақ уақыт ұстап тұра алмайды. Таяуда іске қосылған HL-2M Tokamak қондырғысы Целсия бойынша 150 млн градусқа дейін ысытылған плазманы 10 минут бойы тепе-теңдікте ұстап тұра алады.

 

0 пікір
Мұрағат