Ішкі ағзаларды бітістіретін гидрогелдік таспа жасалды
Ішкі ағзаларды бітістіретін гидрогелдік таспа жасалды
4 жыл бұрын 3226 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының инженерлері өкпе мен ішектің жыртылып кеткен жерін бірнеше секунд ішінде саңылау қалдырмай бітейтін немесе жүрек секілді ағзалардың сыртынан имплантты бекітетін гидрогелдік таспа жасап шығарды. Бұл жаңалық туралы ақпарат Proceedings of the National Academy of Sciences  мерзімді басылымында жарық көрді. Осыдан бір жыл бұрын аталмыш жоғарғы оқу орнының инженерлері сулы, яғни, ылғалданып тұратын ағзаларды беткі жағынан жылдам әрі мықты жабыстыратын екі жақты желім жасаған болатын. Осы желімді жетілдіре келе тінерге еш зияны жоқ материал алынды. Массачусет технологиялық институтының машина құрастыру және азаматтық әрі экологиялық инженерия профессоры Сюаньхэ Чжао бұл материалды ішкі ағзалар пластыры, деп атап отыр. Тіндердің табиғи тайғақтығын еңсеру үшін алдымен суды сіңіріп, содан соң тіннің беткі жағында әлсіз сутегі байланысын шапшаң түзетін, әдетте жөргек пен дәрі-дәрмекте пайдаланылатын абсорбирлейтін материалдан, полиакрилдік қышқылдан, т.б. биологиялық тұрғыдан бір-бірін жатырқамайтын полимерлерден өзгеше желім алуға қол жеткізген еді. Бұл материалдардың байланысын нықтау үшін ғалымдар материалға тіннің беткі жағындағы ақуызбен мықты әрі ұзақ уақыт байланыс түзетін аса күрделі NHS эфирін енгізген болатын.

0 пікір
Мұрағат