|
Кез келген өсімдікті топырақсыз өсіруге мүмкіндік беретін технология (видео)
|
Нью-Йоркте бастау алған Terraplanter стартапы өсімдікті топырақсыз өсіруге мүмкіндік беретін гидропоник негізіндегі технологияны әзірледі. Аталмыш жүйеде өсімдіктің топырақсыз өсуіне мүмкіндік беретін арнайы керамикалық ыдыс пайдаланылады. Terraplanter ыдысының қабырғасы рельефті, яғни, ойлы-қырлы болып келеді. Бұл өсімдік дәнін немесе өскен тамырын ұстауға мүмкіндік бермек. Тыңайтқыш қосылған су ыдысқа құйылғанда оның қабырғаларына сіңеді де өсімдікті қажетті ылғалмен және минералдармен қамтамасыз етеді. Terraplanter үй бағын 59 долларға бағаланып отыр. 2020 жылдың қазан айында саудаға шығарылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді