Мұсылман елі интернетте авторлық құқықты қорғау бағытында маңызды қадам жасады
Мұсылман елі интернетте авторлық құқықты қорғау бағытында маңызды қадам жасады
2 жыл бұрын 1299 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзия билігі ақпарат ағыны форматындағы контенттерге қатысты авторлық құқық турады заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы torrentfreak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Заңсыз стриминг (толассыз ақпарат ағыны - ред.) үшін қолданылатын жазаның ең жеңілі – 2400 долар айыппұл салу; қатал жазасы – айыпталушы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жауапкершіліктің ауырлығы контекс пен құқық бұзғанын біле тұра райынан қайтпағанына немесе дер кезінде қателігін түсініп, құқыққа қайшы әрекеттен бас тартып, түзету енгізгеніне байланысты анықталады. Малайзияда интернеттегі қарақшылық әрекет ретінде бұрынғы заң нұсқасында деректерді сақтау құырлғыларындағы ақпаратқа қатысты танылған болатын. Ал заңның жаңа нұсқасында қарастырылған талаптар бойынша сілтемесі көрсетілмеген видеоны таратқан адам жауапқа тартылады. Жалпы бұл тараптағы заң нормаларын тарқатып түсіндірудің қиындығы ең алдымен хабар таратудың тоқтаусыз процесін айқындаумен байланысты өрбиді, өйткені, мұндай процесс ұзаққа созылады, оны жекелеген оқшау факт ретінде тану қиын. Осыған байланысты қырағалық танытып таратып жатқан хабарды тоқтатқандар осындай себеппен кінәсіз деп танылады әрі айыпталмайды. Ал хабар таратуды тоқтатпаса, оның ісі сотқа жөнелтіледі.

0 пікір
Мұрағат